10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

10 тамыз – қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушысы, ойшыл ақыны, ұстаз ағартушысы, ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы Абай Құнанбайұлының туған күні.
Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы.
Абайдың қаламынан бірнеше поэма мен «Қара сөздері» туған. Ол, 170-тен астам өлең мен 56 аударманың авторы. Абай аудармаларының арқасында әлем әдебиеті классиктерінің шығармалары қазақ тілінде жарық көрді.
Бүгінгі таңда, республика бойынша 31 елді мекен, 1300-ге жуық көше мен даңғыл, 100-ден аса білім мекемесі ойшыл ақынның есімімен аталады. Соның ішінде, «Дарын» желісінің 12 мамандандырылған мектебі де ұлы ағартушының атын мақтанышпен насихаттауда.