Республикалық білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі – 2023

2023 жылдың 24 тамыз күні Ұлытау облысы, Жезқазған қаласының Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында еліміздің 20 өңірі бойынша білім қызметкерлерінің республикалық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында тамыз кеңесі өтеді.

Биыл республикалық тамыз кеңесі жаңа форматта ұйымдастырылуда.  Барлық 20 өңірге тақырыптық бағыттар белгіленген.

24 тамызда өңірлерде тақырыптық бағыттар бойынша секциялық отырыстар өтеді.

Ұлытау облысында өтетін «Дарынды балалар – ұлт мақтанышы» тақырыбындағы секциялық отырыстарға 300 адам қатысады.

 Секциялық отырыстардың бірінші бөлімінде облысымыздың 200 педагогі мен республиканың басқа аймақтарынан келетін 100-ге жуық педагогтер, эксперттер, ғалымдар, менеджерлер өздерінің тәжірибелерімен бөліседі.

Секциялық отырыстарда қарастырылатын 6 бағытта 16 спикер өздерінің ғылыми зерттеулерімен, тәжірибесімен, сараптамасымен және жобаларымен бөліседі. 

Көшбасшылық

1.Заманауи мектеп менеджментіндегі негізгі сұрақтар: Қандай? Не үшін? Қалай? Тулекова Сапура Сейдуалиқызы, Ұлытау облысы білім басқармасының басшысы.

2.ХХІ ғасырдағы көшбасшылық дағдылар: Hard skills және soft skills. Капарова Динара Онгонисовна, Абай атындағы ММИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Үздік педагог-2023» республикалық конкурсының жеңімпазы

Табыс формуласы

1.Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған іс-шаралардың ерекшеліктері. Бақтияр Сайран Бакенович, “Дарын” РҒПО Педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері

2.Дарынды балалар – еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлт болашағы. Сарбалин Руслан Құрманғалиұлы, Атырау облысы, Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры.

3.Халықаралық және республикалық олимпиадаларға оқушыларды тиімді дайындау  тәсілдері.  Мұқатай Темірлан Жеңісұлы, Ұлытау облысы, 3 «Білім-инновация» лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі

Ұлттық құндылық

1.Құндылықтарға негізделген білім беру. Нұғман Ерлан Ержанұлы, Ұлытау облысы, 3 «Білім-инновация» лицей-интернаты директорының орынбасары.

2. Дарынды бала – ұлт қуаты. Ахметжан Аятжан, «QAZBILIM Group» компаниясының басқарма төрағасы,  PhD химик, педагог- шебер.

3.Оқушылардың бойына құндылықтарды мектеп жобалары арқылы дәріптеу.

Шамуратова Рысжан Шерниязовна, Ақмола облысы, 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының директоры

Оқу мен оқыту

1.Оқушылар үшін зияткерлік және ғылыми жарыстарды  ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері. Ерниязова Айгерим Халиуллаевна, “Дарын” РҒПО, Зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық  бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

2.Робототехниканы оқытудағы сабақтастық. Шаниев Ержан Булатович, “Pine distribution” ЖШС директоры.

3.Дарынды талантты оқушыларды айқындау және дамытуды ұйымдастыру жолдары Тогузбаева Алия Андировна, Батыс Қазақстан облысы, “Дарын” аймақтық қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары.

Психологиялық сүйемелдеу

1.Дарынды және ынталы білім алушыларды сүйемелдеудің кешенді бағдарламасын әзірлеу. Бұқар Амангелді Оразұлы, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, С.Сейфуллин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.

2.Дарынды балаларды психологиялық сүйемелдеу. Ержанова Алия Егинбаевна, Қарағанды облысы, Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының психологы.

Интеграция

1.Білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру. Исимова Айнаш Есенгелдиевна, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің  департамент директоры, п.ғ.к. қауымдастырылған профессор, “Болашақ” ХБ түлегі.

2.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы білім сапасын арттырудағы пәнаралық тәсілдің мүмкіндіктері. Халитова Ильдана Айдархановна, “Teachers Lab”  ЖШС платформасының директоры.  Зейнолла Сауле Жанатқызы, “Teachers Lab”  ЖШС платформасының әдіскері.

Сессияаралық үзілісте Ұлытау облысы педагогтерінің тәжірибесін бөлісуге арналған crunch сессия өтеді. Сrunch сессияда 25 білім беру ұйымы озық педагогикалық зерттеулерімен бөліседі, воркшоптар, интерактивті диалогтар, демонстрациялық презентациялар ұйымдастырылады.

Екінші бөлімі  ҚР Оқу – ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Сүлейменова Гулназ Төрәліқызының қатысуымен өтетін «Ұлытау білімі: талдау, әрекет, жоспар» тақырыбындағы облыстық кеңеске арналады. Аталған кеңесте білім саласын дамытудың жай-күйі, стратегиялық мақсаттар, бала құқығын қорғау мәселелері талқыланатын болады.

Сонымен қатар, үздік педагогтер мен үздік білім ұйымдары марапатталады.