«Халықаралық әріптестік: трендтер, міндеттер және шешім» атты халықаралық онлайн форумының ақпараттық хаты

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 22 қыркүйек күні ҚР ОАМ ҒТБ БМҚ «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» (2021 – 2023 ж. Тір. № OR11465474) шеңберінде, «Ашық Ғылым Орталығы» Қоғамдық бірлестігі (Алматы, Қазақстан) мен Брюссель білім қауымдастығы (Брюссель, Бельгия) сияқты серіктестермен бірге «Халықаралық әріптестік: трендтер, міндеттер және шешім» атты халықаралық онлайн форумын (бұдан әрі – Форум) өткізеді.

Форумның мақсаты – білім беру мен тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық тәсілдердің халықаралық, аймақтық, көпжақты және екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылау.

Онлайн форумның негізгі міндеттері:

– ғылым мен білім саласындағы озық халықаралық тәжірибені тарату;

– шетелдік серіктестер мен ұйымдардың ғылыми-педагогикалық, психологиялық тәжірибесін талдау;

– ғылым және білім саласындағы сарапшылық талқылаулар, өзекті тапсырмаларды өткізу;

– білім және ғылым саласындағы халықаралық және аймақаралық ынтымақтастықты (консорциумдарды) дамыту.

Онлайн форумға қатысуға сарапшылар, эксперттер, білім және ғылым саласының мамандары, ғалымдар, педагогтер мен тәрбиешілер, мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың, дарынды балалармен жұмыс жасау орталықтарының басшылары мен қызметкерлері шақырылады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін (әрбір қатысушы берілген http://tiny.cc/FORUM2023 сілтеме арқылы міндетті тіркеуден өтуі керек)

Онлайн форумның өтетін күні: 22 қыркүйек 2023 жыл;

Басталу уақыты: 15:00 (Астана уақыты бойынша);

Онлайн форумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын;

Іс-шара өтетін орны: Zoom платформасында.

Онлайн форумның күнтізбелік кестесі

КүніҚарастырылатын мәселелердің тақырыбы
15.09.2023,     18:00 дейінТіркеу формасы (сілтеме арқылы http://tiny.cc/FORUM2023)
21.09.2023Халықаралық онлайн форумға қатысушылардың тізімі қалыптастырылып, арнайы құрылған WhatsApp топқа форумға қатысушыларды енгізу бағдарламасы мен сілтемесі жіберілді.
22.09.2023Онлайн форумға қатысушыларды тіркеу: 14:40 – 15:00.Онлайн форумның ашылуы – 15:00 (Астана уақытымен).
02.10.2023WhatsApp топқа Онлайн форумға қатысушылар мен спикерлерге арналған электрондық сертификаттарға сілтеме жіберіледі.

Қосымша №1

Тыңдаушы ретінде онлайн форумға қатысуға өтініш формасы

Жеке куәлік бойынша тегі, аты әкесінің аты 
Ғылыми дәреже, атақ 
Облысы (өңір) 
Елді мекен (қала, аудан орталығы, ауыл) 
Жұмыс орны (ұйымның атауы) 
Қызметі 
Байланыс телефон нөмірі 
E-mail