Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында Жамбыл Жабаевқа арналған “Жыр алыбы – Жамбыл” атты республикалық жас ақындар айтысын өткізу жөнінде АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жас дарын» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 желтоқсандағы №514 бұйрығында көрсетілген республикалық деңгейде өткізілетін іс-шаралар тізбесіне сәйкес 2023 жылдың қыркүйек айының 28-30 күндері аралығында Алматы облысы, Жамбыл ауданы,Ұзынағаш ауылындағы аудандық мәдениет үйінде жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысын өткізеді.
Оқушылардың Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылына келу күні 27 қыркүйек сағат 17:00-ге дейін, қайту 30 қыркүйек сағат 09:00-ден бастап.
Ережеге сәйкес оқушылар мен жетекшілердің жол шығындары жіберуші тараптың есебінен, катысушылардың (оқушылар) жатын орындары мен тамақтануы шақырушы тараптың есебінен (жетекшінің жатын орны мен тамағы жіберуші жақтың есебінен төленеді, әр облыстан тек 1 адам жетекші ретінде келуі қажет). Айтыс Ережесі www.daryn.kz сайтында орналасқан.
Әр қатысушыда өзімен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:
- жеке бас құжатының көшірмесі;
- эпидемиологиялық орта туралы анықтама (берілген уакыты 3 күнге жарамды);
- қызылшаға қарсы екпе құжаты болуы тиіс.
Байқауға қатысуға сұранысты ағымдағы жылдың 14 қыркүйегіне дейін төменде көрсетілген үлгі бойынша info@daryn.kz эл. поштасына жіберу қажет
№ | Облыс,қала/аудан атауы | Оқушының аты-жөні (құжатқа сай) | Мектебі
сыныбы |
Номинациясы | Айтысқа дайындаған мұғалімнің аты-жөні | Келетін жетекшінің аты-жөні, байл.тел. |
Байланыс телефоны: 8747 338 8616