FIRST Global Challenge Ұлттық чемпионаты
9 қыркүйекте Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының қолдауымен USTEM Foundation және Caravan of knowledge қорлары ұйымдастырған FIRST Global Challenge Ұлттық чемпионатының финалдық ойындары өтті. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінің оқушылары қатысты.
Осы жылдың қазан айында Сингапурда өтетін Бүкіләлемдік чемпионатта Қазақстанның атынан қатысу құқығын ФМН НЗМ бес оқушысы жеңіп алды, олар: Тұрғынбай Нұрислам, Жанзақов Нұрсұлтан, Гапонов Сергей, Шаймерденова Дамели және Көксал Иманәлі.
Біз өзара достық бәсекелестік тактикасын ұстандық, өйткені біз үшін FIRST жарыстары спорттық толқудан басқа, Қазақстанның басқа мектептерінен өз құрдастарымызды дамытуға мүмкіндік береді. Астанада финалдық ойындар басталғанға дейін біз командалармен байланысып, тығыз қарым-қатынас жасап, чемпионатқа алыстан дайындалуға көмектестік. Біз FIRST-ке бұрыннан қатысамыз, сондықтан біздің жеңісіміз - көпжылдық еңбектің нәтижесі. Біз Қазақстан құрамасының Женевадағы жеңісін қайталауды армандаймыз, - деп бөлісті команда мүшесі Нұрсұлтан Жанзақов.
Биылғы жарыс тақырыбы сутектің отын мүмкіндіктеріне негізделген және мектеп оқушылары Имитациялық ойын алаңында сутегі мен оттегі атомдарын сұрыптай алатын роботтар жасайды. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынып, судьялық марапаттарға ие болды.
Жарыстың финалында біз үшін күтпеген жағдай болды! Соңғы шешуші ойындарға өткен ең мықты төрт команданың ішінде ауыл мектебінің командасы кірді! Шонжа жігіттері төрт тәжірибелі ойыншымен тең дәрежеде жарысты. Жеңіс басқа командаға лайықты өткенімен, біз үшін үлкен жетістік және балалардың осындай жарыстарда өсіп келе жатқанының айқын көрсеткіші. Демек, біз дұрыс бағыттамыз, - деп бөлісті USTEM Foundation қоғамдық қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.