Физика, химия, биология пәні мұғалімдері үшін «Оқушыларды зерттеу жобаларына дайындаудың құрылымдық-мазмұндық қызметі» республикалық оқу семинарының ақпарат хаты

Елдің экономикалық және рухани дамуы оның білім беру сапасының деңгейімен анықталады. Интеллектуалды ресурстардың сапасы басты факторға айналуда. Бұл, ең алдымен, негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға және арттыруға бағытталатын іс-әрекеттерде көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. 

Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңі білім алушыларды зерттеу мәдениетіне тартып, қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге бағыттау. Зерттеу қызметі оқушылардың бойында өз бетінше ойлау, талдау, білім алу және оны қолдану, гипотеза жасау, іс-әрекеттерді жоспарлау, өзін-өзі бағалау және қорытынды жасау қабілеттерін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2-3 қараша күндері Қостанай облысы білім басқармасының «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ (Қостанай қаласы) базасында еліміздің білім беру ұйымдарының физика, химия, биология пәні мұғалімдері үшін «Оқушыларды зерттеу жобаларына дайындаудың құрылымдық-мазмұндық қызметі» тақырыбында республикалық оқу семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – оқушыларды зерттеу іс-әрекетіне баулу үшін жағдай жасау және оған деген құндылық қатынасын қалыптастыру, балаларды зерттеу жобаларына сапалы дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.

Семинар бағдарламасында шебер-сыныптар, практикалық сабақтар қарастырылған. Семинардың соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталады.

«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ мекен-жайы: Сибирская көшесі, 50 үй.

Іс-шараға қатысу туралы сұранысты а.ж. 17 қазанына дейін көрсетілген үлгі бойынша мына электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз:e-mail: g.berdenova@daryn.kz

Әр қатысушыға 17 қазанға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/seminarKost2023 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

Іс-сапар шығыны жіберуші жақтың есебінен төленеді (жолы, тамақтануы, ұйымдастыру жарнасы 25 350 теңге, жататын орны).

Семинарға қатысушылардың келу күні 1 қараша, аяқталуы 3 қараша сағат 17.00-ден кейін.

Барлық сұрақтар бойынша:

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы,

3 қабат, 301 кабинет. байланыс тел.: 8 (7172) 57-01-42, 8/7711008933/

Қатысушының толық аты-жөніОблысыЖұмыс орныЛауазымы, пәніЕmail, телефоны (вацап)Қонақ үй қажеттілігі