«ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
«Дарын» РҒПО «Алматы облысының Білім басқармасы» мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының ағымдағы жылдың 28-29 қыркүйегі күндері аралығында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында өткізеді.
«Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысын өткізу мақсаты: Оқушылар арасында Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау; суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау; оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, айтыскер жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру табылады.
Айтыс екі номинация бойынша өткізіледі:
- Тақырыптық айтыс. Бұл жерде оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, жалпы елдегі хал-ахуалы туралы жырлау керек, бір біріне мәнді де мағыналы жауап қайтара білу керек.
- Қайым айтыс. Қайым айтыстың негізгі шарты — айтысты бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің ұйқасын бұзбай, алғашқы екі жолын мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп, немесе сол қалпында сақтап соңғы екі жолында жауап қайтару.
«Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының өту барысы бұқаралық-ақпарат құралдарында сондай-ақ, YouTube платформасында тікелей эфирде және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда жарияланатын болады.
Республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл» айтысына 35 оқушы қатысады деп жоспарлануда.
«Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының салтанатты ашылу және жабылу рәсімдері Ұзынағаш мәдениет үйінің концерттік залында өтеді.
Республикалық жас ақындар айтысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері екі бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бас жүлделері мен I, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ «Дарын» РҒПО-ның «Есенқұл Жақыпбеков», «Есдәулет Қандеков», «Әлімқұл Жамбылов», «Үмбетәлі Кәрібаев» аттарындағы арнайы жүлделі дипломдарымен марапатталып, барлық оқушыға қатысушы сертификаттары табысталатын болады.
Ұйымдастыру комитеті
+7 (7277) 27-90-82
naku_abai@mail.ru