«Қазақстандағы мектепке дейінгі және орта білім беруді жетілдірудің тұжырымдамалық тәсілдері: заманауи трендтер мен іске асыру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім және ғылым жүйесін дамытудың тұжырымдамалық негіздері» халықаралық форумы аясында «Қазақстандағы мектепке дейінгі және орта білім беруді жетілдірудің тұжырымдамалық тәсілдері: заманауи трендтер мен іске асыру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр (аттас ғылыми-техникалық бағдарлама шеңберіндегі зерттеу нәтижелері).

Конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, еліміздің және шетелдердің ғылым мен білім беруді дамыту мәселелерімен айналысатын ғалымдар, еліміздің және шетелдің зерттеу университеттері мен орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, педагог-практиктер, білім беру орталықтарының мамандары мен әдіскерлері, қосымша білім беру педагогтері, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілері шақырылады.

Конференция келесі тақырыптық секциялар бойынша өткізіледі:

1-секция – Мектепке дейінгі білім беру («Балаларды ерте дамыту институты»)

2-секция-орта білім беруді жаңғырту («Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА»)

3-секция-оқыту және тәрбиелеу сапасын мониторингтеу моделі (әдістеме, іске асыру) («Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА»)

4-секция – Дарындылықты дамыту («Дарын»)

5-секция – Орта мектепті профильдеудің жаңа моделі («Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА»)

Конференцияны өткізу тілі: қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдері.

Конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда.

Конференция материалдарының жинағы «Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негізі» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру есебінен тегін жарияланады.

Конференция материалдарының жинағы 2023 жылдың қараша айында шығарылады, мақалалар 2023 жылдың 20 қазанына дейін қабылданады.

Конференция 2023 жылғы 07 қазанда Астана қаласы Д. Қонаев ат. № 66 мектеп-лицей базасында өтеді (№№1-4 секциялар), 2023 жылғы 10 қазанда – Өскемен қаласының Бейіндік мектеп базасында (№5 секция).

МАҚАЛАЛАР ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС РӘСІМДЕЛУІ КЕРЕК!

Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар (А қосымшасы):

Мақаланың атауы: бет ортасында, қою түсті, бас әріптермен.

Автор (лар) туралы мәліметтер: ТАӘ – беттің ортасында мақала атауынан 1 бос орын, бірінші бас әріп, қалғаны кіші әріптермен, қою түсті. Келесі жолда аты-жөнінен кейін ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, жұмыс орны, қаласы, елі көрсетіледі.

Аңдатпа: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде,  45-50 сөз немесе 3-4 сөйлем, шрифт – 12, курсив арқылы

Мақала мәтіні: аннотациядан кейін 1 бос орыннан кейін; MS Word мәтіндік редакторы, Times New Roman, Times New Roman KZ шрифті, жоларалық интервал – 1, шрифт – 14; беттің ені бойынша туралау, барлық жағы – 2 см, жаңа жолдық ығысу 1,25 см. Мақала көлемі – 5-тен 15 бетке дейін. Мәтінде қолданылған дереккөздерге сілтемелер болуы керек, төртбұрышты жақшада.

Жіберілетін материалдың файл атауы: бірінші автордың тегі мен секция нөмірін көрсету қажет. Мысалы: Ахметов_1-мақала, Ахметов_1-өтінім (Б қосымшасы).

Конференция материалдары (мақала, өтінім) nao_psf@gmail.com электрондық мекенжайға жіберілуі керек.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +77019131056 (Аяулым).

Конференция соңында барлық қатысушыларға материалдар жинағының электронды нұсқасы, сертификаттар электронды түрде жіберіледі.

А қосымшасы

Өтінім

Аты-жөні 
Ғылыми дәрежесі мен атағы 
Жұмыс орны 
Тақырып 
Секция атауы 
Электронды поштасы 
Байланыс телефоны 

Б қосымшасы

Мақаланы рәсімдеу мысалы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жакиянова Ж.Г.

PhD, қауымдастырылған профессор, Ы.Алтынсарин ат. ҰБА,

Астана, Қазақстан

Андатпа:

Аннотация:

Abstract:

Баяндаманың негізгі мәтіні.

Пайдаланылған дереккөздердің тізімі:

1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы//  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_

2. Наурызбай Ж.Ж. и др. Психолого-педагогические основы духовно-нравственного развития личности в этнокультурном пространстве/ под ред. Ж.О.Жилбаева. – Астана: Фолиант, 2014. – 252 с.