2024-2025 оқу жылы
Тікелей көрсетілім
Сынып | Сілтеме №1 | Сілтеме №2 |
9-сынып | Қарау / Смотреть | Қарау / Смотреть |
9-сынып | Қарау / Смотреть | Қарау / Смотреть |
10-сынып | Қарау / Смотреть | |
10-сынып | Қарау / Смотреть | |
11-сынып | Қарау / Смотреть | Қарау / Смотреть |
11-сынып | Қарау / Смотреть |
Өткізу туралы АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және The Ulytau Educational Foundation қоғамдық қоры мен Ұлытау облыстық Білім басқармасы бірлесіп, 2024 жылғы 28 қазан – 1 қараша аралығында Жезқазған қаласының Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі базасында «Қазақмыс корпорациясының» қолдауымен Қ. Сәтбаев атындағы 9-11 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиаданы (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химия пәнін оқуға қызығушылығын арттыру.
Олимпиадаға облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары, республикалық білім беру ұйымдарының жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасынан іріктелген 80-ге тарта оқушы қатысады. Сонымен қатар, оқушылардың жетекшілері мен өкілдері, ардагер ұстаздар, құрметті қонақтар шақырылады.
Олимпиаданы өткізу Ережесіне сәйкес Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
«Қазақмыс корпорациясының» атынан номинациялық дипломдар, ауыспалы кубок пен бағалы сыйлықтар табысталады.
Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 2024 жылдың 28 қазанында сағат 15:00-де, жабылуы 1 қараша күні сағат 09:00-де өтеді.
Өтетін орны: Жезқазған қаласы, Халықтар достығы мен мәдениет үйі.
Қосымша ақпаратты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтынан алуға болады.
Олимпиаданы ұйымдастыру бойынша байланыс телефондары: 87172 570134, 570127.
2023-2024 оқу жылы
ЖЕЗҚАЗҒАНДА 9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ХИМИЯ ПӘНІНЕН Қ. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Бүгін, Жезқазған қаласында Қ.Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиаданың ашылу рәсімі өтеді.
Дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, олардың химия пәнін оқуға қызығушылығын арттыруды мақсат қойған олимпиада 2023 жылғы 30 қазан – 2 қараша аралығында жүреді.
Олимпиадаға республиканың облыстық кезеңдерінен іріктелген 76 оқушы қатысады.
Олимпиаданы өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Сонымен қатар, номинациялық дипломдар, ауыспалы кубок пен бағалы сыйлықтар табысталады.
Олимпиада қатысушыларына Жезқазған қаласының тарихи жерлеріне саяхат ұйымдастырылады.
Айта кетсек, 9-сыныпқа арналған Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиада алдағы уақытта тұрақты түрде Жезқазған қаласында өткізілетін болады.
Олимпиада ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ұлытау облысының Білім басқармасы және «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қоры.
2020-2021 оқу жылы
ХИМИЯ ПӘНІНЕН Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКІЗУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қарағанды облысының білім басқармасы арасындағы Меморандумға сәйкес 2020 жылғы 03 қарашада химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы ІV республикалық олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) қашықтықтан өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – ерекше қабілетті оқушыларды анықтау, олардың химия ғылымына деген қызығушылығын дамыту, пәнді тереңірек оқуға ынталандыру.
Олимпиада 9-сынып оқушылары үшін бір кезеңде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оnlinе-test.kaznu.kz сайтында өткізілді. Аудио және бейнебақылау Zoom платформасында өткізілді.
Олимпиадаға республикамыздың барлық аймақтарынан, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ, «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ мен республикалық білім беру ұйымдарынан республикалық юниор олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері барлығы 68 оқушы қатысты.
І дәрежелі диплом иегерлері:
Айдаралы Нұрайым – Алматы қ. Ж.Жабаев атындағы №161 лицейінің оқушысы;
Пен Анастасия – Жезқазған қ. № 22 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы;
Ділдабек Асия – Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы;
Рысқали Жанарыс – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей интернатының оқушысы.
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Смет Алихан – Нұр-Сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы;
Мильбрант Дарья – Қарағанды облысы Балқаш қаласының №17 мектеп-лицейінің оқушысы;
Сурин Ростислав – Павлодар қ. №8 лицей-мектебінің оқушысы;
Полосина Вероника – Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, № 8 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Мамырбеков Бекболат – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы;
Амангелді Гауһар – Атырау облысы М.Сатыбалдиев атындағы жалпы білім беретін № 18 орта мектебінің оқушысы;
Бектай Нұрила – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының №183 орта мектебінің оқушысы;
Рахиметуллина Сымбат – Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;
Рамазанов Айдар – Алматы облысы, А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы;
Шадияр Аяна – Түркістан облысы, Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы;
Әлжанова Жанкерім – Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты;
Пагин Иван – Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
Әлімжан Нұрайым – Қызылорда қаласы, Еркін Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мектеп-интернатының оқушысы.
Грамота иегерлері:
Толеуов Алимжан – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы;
Турумбаева Алуа – Нұр-Сұлтан қ. дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы;
Балсеит Елдана – Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы;
Имаш Инсар – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы;
Қалмұрат Амира – Шымкент қ. М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын № 8 мамандандырылған гимназиясының оқушысы;
Салыков Дамир – Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы;
Мадибеков Алихан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы;
Досыбай Ерасыл – Павлодар қ. Абай атындағы гимназияның оқушысы;
Тукаев Абылай – Ақмола облысы, Көкшетау қаласы техникалық лицейінің оқушысы;
Койшыбай Шыңғыс – Қарағанды облысының №1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО-ның І , ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады, дипломдар үйлестірушілердің электронды мекенжайларына жіберіледі.