«Заманауи сын-қатерлер жағдайындағы педагогикалық білім берудің сапасы: идеядан нәтижеге» республикалық қорытынды Daryn EduEvent (бұдан әрі – Daryn EduEvent) туралы ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Білім және ғылым жүйесін модернизациялаудың ғылыми негіздері» 2021-2023 жылғы QR11465474 бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру «Дарынды және ынталы оқушыларды сүйемелдеудің кешенді бағдарламасын әзірлеу» аталған бағдарлама аясында 2024 жылғы 3-5 қаңтар күндері Астана қаласында «Заманауи сын-қатерлер жағдайындағы педагогикалық білім берудің сапасы: идеядан нәтижеге» республикалық қорытынды Daryn EduEvent (бұдан әрі – Daryn EduEvent) өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – ғылым-білім беру алаңдарында педагогикалық білім беру саласындағы зерттеулер мен инновациялардың нәтижелерін тарату.

Негізгі міндеттері:

– қатысушыларды мектеп жасындағы дарындылықты диагностикалау бойынша отандық психологиялық-педагогикалық құралдармен таныстыру;

– мамандандырылған білім беру ұйымдарының үздік инновациялық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату;

– білім беру саласында жұмыс істейтін ғалымдардың, практиктердің ынтымақтастығын нығайту.

Daryn EduEvent педагогика және психология саласындағы жетекші отандық ғалымдар қатысады.

Іс-шараның бағдарламасында қазақстандық оқушылардың дарындылығын анықтау және дамыту бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелерін, мамандандырылған білім беру ұйымдарының озық педагогикалық тәжірибесін ұсыну жоспарлануда.

Daryn EduEvent қатысу үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарының мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, педагог – психологтары шақырылады.

Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (1қосымшаға сәйкес) білім басқармасы бекіткен іс-шараға қатысу үшін өтінімді осы жылдың 10 желтоқсанына дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар http://tiny.cc/Darynfest2023 сілтемесі арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

Іссапар шығындары (жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Аты-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефоны, e-mailҚонақ үйге қажеттілігі  (иә, жоқ)
       

Іс-шараға қатысушылар үшін Reikartz Park Astana қонақүйінде орындар қарастырылған. Тәулігіне бір адамға жатын орны таңғы асымен 12 500 теңгені құрайды.

Қатысушылардың келу күні 3 қаңтар  сағат 14.00-ден, іс-шараның аяқталу күні 5 қаңтар 17.00-ден кейін.

Іс-шараның басталуы 4 қаңтар күні сағат 9.00 №59 мектеп-лицейінде.

Қонақ үйдің мекен-жайы: Астана қ., Керей Жәнібек хандар көшесі, 18,  Қобыз сарай ғимараты,  байланыс телефон +7 708 620 0957.

№ 59 мектеп-лицейінің мекен-жайы: Сауран көшесі 5/1.

Барлық сұрақтар бойынша:

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы,

3 қабат, 301 кабинет.

Байланыс тел.: 8 (7172) 57-01-42