Қазіргі қоғам мұғалім тұлғасына және оның кәсіби шеберлігіне жаңа талаптар қоюда.
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет. Сондықтан баланың бойында бұрыннан қалыптасқан қабілеттерін дамытуға белсенділігін арттыру өте маңызды. Бұған педагогтардың өздерінің жеке кәсіби қасиеттерін, шығармашылық әлеуетін дамытатын түрлі олимпиадаларға, конкурстарға қатысуы ықпал етеді.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 4-5 қаңтар аралығында Астана қаласында еліміздің білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру.
Семинар бағдарламасында аудандық, республикалық олимпиада тапсырмаларының шешу тәсілдерін және мектеп бағдарламасының күрделі логикалық есептерін талқылау жоспарланып отыр.
Семинардың өтетін орны: Астана қаласы, Өзбекәлі Жәнібек атындағы №11 мектеп-лицейі, Абай даңғылы, 6.
Семинарға қатысу туралы сұранысты а.ж. 25 желтоқсанына дейін көрсетілген үлгі бойынша мына электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз:e-mail: g.berdenova@daryn.kz
Тиісті мекеме басшысымен бекітілген әр қатысушыға 25 желтоқсанға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/seminarmatem2024 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет. Әр облыс бойынша квота 7 адамды құрайды.
Іс-шараға қатысушылар «Алтын дала» қонақүйінде (Астана қ., Бегельдинова, 8/1) орналасу қарастырылған. Тәулігіне бір адамға жатын орны 10 000 теңге тұрады (таңғы ас кіреді).
Іс-шараға келу күні – 3 қаңтар, басталуы – 4 қаңтар, аяқталуы – 5 қаңтар сағат 17.00 кейін. Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді (жолы, тамақтануы, жатын орны, ұйымдастыру жарнасы). Семинардың ұйымдастару жарнасы – 25 350 теңге. (қатысушының жеке почтасына жіберілген сілтеме арқылы төленеді)
№ | Қатысушы-ның аты-жөні | Облысы | Жұмыс орны | Лауазымы | Жұмыс өтілі | Еmail | Қонақ үй қажеттілігі, байл.тел. |