📚Дарынды балаларға арналған 134 мамандандырылған білім беру ұйымдарында 65080 оқушы оқиды (17 851-і интернатта тұрады), оның ішінде 12 437-і ауылдық жерден. 8156 педагог қызмет атқарады.
👨🏻💻Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға конкурстық іріктеуге 16 022 оқушы қатысты, оның ішінде 5 807-і ауылдық жерден.
🧠Педагогтердің, психологтардың кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында 26 іс-шара өткізілді.
🔹Қазақстандық оқушылар 34 халықаралық және 20 республикалық іс-шараларға қатысты.
Барлығы 1,5 млн. астам оқушы қамтылды.
🔹Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне қатысқан 282 090 оқушының 1634-і республикалық кезеңге жетті. Қорытындысы бойынша 753 оқушы жеңімпаз атанды.
🔹Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңіне 78 404 оқушы қатысты. Екінші кезеңге 25 844 оқушы қатысып, үшінші (республикалық) кезеңіне 1088 оқушы іріктелініп алынады.
🔹Республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңіне 27 000 оқушы тіркеліп, қорытындысы бойынша 484 оқушы жеңімпаз атанды.
🔹Үздік ғылыми жобалар Regeneron ISEF-2023 халықаралық байқауында (АҚШ) еліміздің 3 тың жобасы қаржылай марапатқа ие болды.
🔹Серіктесіміз «Ustem Robotics» қорымен бірлесіп іріктелген 4 команда «FIRST ROBOTICS» Дүниежүзілік робототехника чемпионатында (АҚШ) 3 номинация бойынша жеңіске жетті.
🔹1375 оқушы 25 халықаралық олимпиада мен 4 ғылыми конкурсқа қатысты. Нәтижесінде 91 алтын, 181 күміс және 307 қола медаль жеңіп алды.
💵Ірі халықаралық 7 олимпиадаға қатысқан 23 оқушы жүлдегер атанды, жалпы сомасы 65 550 000 теңге ақшалай сыйақы алды.
💵20 мұғалімге бір реттік сыйақы тағайындалып, жалпы мөлшері 5 848 858 теңге көлемінде сыйақы берілді.
📖Ғылыми қызмет шеңберінде 2021-2023 жылдар аралығында мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша 1.5 «Дарынды және ынталы оқушыларды сүйемелдеудің кешенді бағдарламасын әзірлеу» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы аяқталды.
🔹18 ғылыми-зерттеу жарияланымдары шықты.
🔹Дарынды балалармен жұмыс жасау бойынша әзірленген әдістемелік басылымдарға авторлық құқық алынды және еліміздің білім беру ұйымдарына ұсынылып отыр.
🔹2024-2026 ж.ж. «Цифрлық интеллектті анықтау және дамыту бойынша психологиялық-педагогикалық әдістемелерді әзірлеу және енгізу» тақырыбы бойынша жаңа зерттеуге өтінім берілді.
🧬2024 жылы Қазақстанда өткізілетін әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі – биология пәнінен Халықаралық олимпиадаға дайындық жұмыстары жүргізілуде.