DARYN EDUEVENT«Заманауи сын-қатерлер жағдайындағы педагогикалық білім берудің сапасы: идеядан нәтижеге» республикалық қорытынды

Бүгін, Астана қаласының №59 мектеп-лицейі базасында «Білім және ғылым жүйесін модернизациялаудың ғылыми негіздері» 2021-2023 жылғы QR11465474 бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру «Дарынды және ынталы оқушыларды сүйемелдеудің кешенді бағдарламасын әзірлеу» бағдарламасы аясында «Заманауи сын-қатерлер жағдайындағы педагогикалық білім берудің сапасы: идеядан нәтижеге» DARYN EDUEVENT республикалық қорытынды жасалады.

DARYN EDUEVENT бағдарламасына мамандандырылған білім беру ұйымдарының мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, педагог – психологтары қатысуда.

Іс-шараның мақсаты – ғылым-білім беру алаңдарында педагогикалық білім беру саласындағы зерттеулер мен инновациялардың нәтижелерін тарату.

DARYN EDUEVENT бағдарламасында педагогика және психология саласындағы жетекші отандық ғалымдар қазақстандық оқушылардың дарындылығын анықтау және дамыту бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелерін ұсынады.