«БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Қазіргі қоғам мұғалім тұлғасына және оның кәсіби шеберлігіне жаңа талаптар қоюда.

Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет.

Сондықтан баланың бойында бұрыннан қалыптасқан қабілеттерін дамытуға белсенділігін арттыру өте маңызды. Бұған педагогтардың өздерінің жеке кәсіби қасиеттерін, шығармашылық әлеуетін дамытатын түрлі олимпиадаларға, конкурстарға қатысуы ықпал етеді.

Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізілген екі күндік семинар өз мәресіне жетті.

Семинар бағдарламасында «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының дәріскерлері еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздармен бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау», «Алтын сақа», «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадаларының ерекшелігі мен онда кездесетін есептерді шешу тәсілдері, сондай-ақ, мектеп бағдарламасының күрделі логикалық есептерін жан-жақты талқылап, тәжірибе алмасты.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға «Дарын» РҒПО сертификаттары табысталды.