Бүгін, 22 қаңтарда бағдарламаға сәйкес қатысушылар ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша бірінші тур тапсырмаларын орындады.
Пәндер мен тапсырмалардың ерекшеліктерін ескере отырып, әрқайсысына келесі уақыт берілді:
• Қазақ тілі және әдебиеті (2 сағат);
• Қазақстан тарихы (2 сағат);
• Құқық негіздері (1,5 сағат);
• Қазақ мектептеріндегі орыс тілі (2 сағат);
• Орыс тілі және әдебиеті (2 сағат);
• Орыс мектептеріндегі қазақ тілі (2 сағат);
• Ағылшын тілі (2 сағат);
Бірінші турдан кейін олимпиада қатысушыларына «Keruen City» ойын-сауық орталығына демалыс ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға кешкі астан кейін психологиялық тренинг жоспарланған.