Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Цифрлық интеллектті анықтау және дамыту жөніндегі психологиялық-педагогикалық әдістемелерді әзірлеу және енгізу» ЖТП №AP23489202 ҒТП шеңберінде, серіктес – «Центр Открытой Науки» қоғамдық бірлестігімен (Алматы қ., Қазақстан) бірлесіп, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп –кешені» КММ (Қазақстан, Өскемен қ) ғылыми – практикалық зерттеу лабораториясымен біріге отырып, 2024 жылғы 26 қаңтарда сағат 14.00-де (Астана уақыты), «Цифрландыру және тұрақты даму жағдайындағы білім: инновациялық идеялар мен тәжірибелердің халықаралық фестивалін» өткізеді.
Фестиваль мақсаты: білім беру саласын тұрақты түрде сапалы дамыту, білім беру ұйымдарының педагогтері мен балаларының әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу.
Міндеттер:
1. Сандық интеллект пен цифрлық сауаттылықты дамыту үшін мұғалімдер қолданатын педагогикалық тәжірибені зерттеу;
2. PISA және TIMSS халықаралық зерттеулеріндегі қазақстандық оқушылардың көрсеткіштері мен нәтижелерін жақсарту;
3. Мектептердегі оқу-тәрбие процесінің сапасын және оқушыларға қолжетімді сапалы білім беруді арттыру;
4. Білім беру экожүйесі шеңберінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
5. Әр түрлі елдердің педагогтерінің озық педагогикалық тәжірибесін жинақтау;
6. Шетелдік серіктестер мен ұйымдардың ғылыми-педагогикалық, психологиялық идеялары мен тәжірибелерін талдау.
Спикерлер ретінде Қазақстан, Ресей, Германия, Сингапур және Грузия ғалымдары мен педагогтері қатысады.
Фестиваль барысында білім беру жүйесіндегі инновациялық идеялар мен тәжірибелерді келесі топтар бойынша ұсыну, сараптау ұсынылады:
1. Нәтижелілікті талдай отырып, іске асырылған тиімді білім беру практикалары;
2. Қазіргі уақытта сынақтан өтіп жатқан инновациялық жобалар;
3. Өңдеу кезеңінен өткен инновациялық педагогикалық идеялар;
4. Мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушылардың педагогикалық, психологиялық-педагогикалық бағытындағы зерттеу және жобалау жұмыстары;
5. Бейіндік психологиялық-педагогикалық сыныптардың білім беру бағдарламаларының әдістемелік әзірлемелері;
6. Тәлімгерлермен бірлесіп оқушылар және / немесе студенттер іске асырған іс-шаралар/сабақтар/жобалар; білім беру ұйымынан студент/оқушы мен тәлімгердің бірлескен қызметі жөніндегі жоспарды іске асыру нәтижелері;
7. Білім беру мақсаттарына жету үшін авторлық үстел ойындары.
Қатысуға әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері, ғалымдар, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары шақырылады.
23 қаңтарға дейін http://tiny.cc/Fest2024 сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет.
Өтетін күні: 2024 жылғы 26 қаңтар, сағат 14: 00 (Астана уақыты бойынша);
Вебинарлардың жұмыс тілі: қазақ, орыс;
Өткізу нысаны: Zoom платформасында.
Халықаралық фестивальді өткізу туралы толық ақпарат www.daryn.kz және www.ciq.kz сайттарда орналастырылатын болады.
Баспасөз қызметі: Репп М. А., тел.: +7 776 530 33 30
Цифрлық қолдау: Репп М. А.
Қатысушылармен жазбаша кері байланыс: Вотинцев А. А. – Zoom.