ЕЛІМІЗДЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 5, 6, 7, 10 СЫНЫПТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ ҚҰЖАТТАРЫН ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ

💠ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО 2024-2025 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7, 10 сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады.

📜Негіздеме: «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы.

🛜Құжаттарды онлайн-тіркеу және қабылдау 2024 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz сайтында жүргізіледі.

Мамандандырылған білім беру ұйымы:

✔️«Мың бала» ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 10% мөлшерінде және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5, 6, 7, 8 және 10 сыныптарға қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде квоталарды бекітеді.

✔️Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;

ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;

мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;

экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;

мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.

🧩Конкурс 15 мамыр-15 маусым аралығындағы кезеңде апта сайын әрбір сенбі-жексенбі күндері өтеді.

🖇️Қосымша мерзімдерді ҚР білім беру саласындағы уәкілетті орган келесі оқу жылы басталғанға дейін белгілейді.

2024 жылдың 1 ақпанынан «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024-2025 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге құжаттар қабылдауды бастады.

Құжатарды 2024 жылдың 15 сәуіріне дейін қабылдайды.

www.qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн-тіркеу түрінде жүзеге асырылады.

Тіркеуден өзіңіз таңдаған мамандандырылған білім беру ұйымының қабырғасында көрсетілген мерзім аралығында өтуге болатындығын хабарлаймыз.

Толық ақпаратты www.qabyldau.daryn.kz сайтынан ала аласыздар.

2022 жылдың 1 наурызынан «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022-2023 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге құжаттар қабылдауды бастады.

Құрметті ата-аналар!

Балаңыз шет тілдерін, ғылым мен өнерді терең меңгеруді қаласаңыз, онда оқушының шығармашылық әлеуеті мен дарын-қабілетін дамытуға бағытталған мамандандырылған білім беретін оқу орындарына беруге асығыңыздар!

Құжатарды 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылдайды.

www.qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн-тіркеу түрінде жүзеге асырылады.

Тіркеуден өзіңіз таңдаған мамандандырылған білім беру ұйымының қабырғасында көрсетілген мерзім аралығында өтуге болатындығын хабарлаймыз.

Толық ақпаратты www.qabyldau.daryn.kz сайтынан ала аласыздар.