ҚАЗАҚСТАНДА STEM МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛАРЫН КӨРСЕТУМЕН АЯҚТАЛДЫ

🖇️Астана, 18 наурыз – Қазақстандағы Американдық Бұрыштар АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен және “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығымен серіктестікте STEM мұғалімдерін даярлаудың алты апталық бағдарламасының еліміздің 10 қаласында 15-16 наурыз аралығында өткен финалдық турнирмен аяқталғанын атап өтті.

🧑‍🎓Бұл іс-шара 3D модельдеуге, робототехникаға және Arduino микроконтроллерлерін білім беруде қолдануға арналған қарқынды тренингке қатысқан 152 мұғалімнің күш-жігері мен жетістіктерінің дәлелі болды. Бұл жобада сонымен қатар, 260 оқушылар да қатысқан болатын.

📍Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Орал, Өскемен, Павлодар, Петропавл және Шымкент қалаларынан жиналған мұғалімдер өз сыныптарында STEM-білім беруді дамыту үшін жаңа дағдылары мен әлеуетін көрсеткен жобаларды ұсынды. Бағдарламаның мақсаты – мұғалімдерге оқу жоспарларына оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерін енгізу үшін құралдар беру.

📈Бұл бағдарламаның жетістігі Қазақстандағы STEM-білім берудің сапасы мен қамтылуын арттырудағы маңызды қадамды білдіреді. Болашақта бұл бастаманы көбірек оқытушыларды қамту үшін кеңейту жоспарлануда, бұл елдің озық білім мен технологиялық шеберлікке деген ұмтылысын одан әрі қолдайды.

🔍Анықтама:

Қазақстандағы Американдық Бұрыштар – бұл елдегі білім беруді дамытуды қолдайтын білім беру және мәдени ресурстарға, технологиялар мен бағдарламаларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан қоғамдық кітапханалары мен АҚШ елшілігінің бірлескен жұмысы.