ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘНДІК ОЛИМПИАДАЛАР ЖАҢА ФОРМАТҚА ӨТТІ

Елімізде жыл сайын 17 наурызда өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды. Ол биыл алғаш рет бірден жеті өңірде өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл санитарлық, медициналық және өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің барлық нормаларын күшейтуге мүмкіндік береді.

🧮 Жаратылыстану-математикалық бағыт:
17-21 наурыз – Астана қ. физика, математика;
24-28 наурыз – Алматы қ. информатика, география;
27-31 наурыз – Павлодар қ. химия, биология.

📝 Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
1-5 сәуір – Қостанай қ. орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
7-11 сәуір – Атырау қ. қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
14-18 сәуір – Өскемен қ. Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері;
20-24 сәуір – Петропавл қ. ағылшын, неміс және француз тілдері.

📌 Олимпиаданың республикалық кезеңіне барлығы 1668 оқушы қатысады. Жаратылыстану-математикалық – 946 және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 772 оқушы бақ сынайды. Айта кетейік, қатысушылар арасында 87 олимпиадалық резерв мүшесі және ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы бар.