«Психологиялық кеңес берудің заманауи бағыттары» тақырыбында республикалық семинарды өткізу туралы ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2024 жылдың 12-15 мамыр аралығында Астана қаласы «Алтын Орда» БО базасында білім беру ұйымдарының психологтеріне арналған «Психологиялық кеңес берудің заманауи бағыттары» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – мектеп тәжірибесінде практикалық кеңес беру саласында кәсіби құзыреттілікті дамыту.

Семинардың міндеттері:

-психологиялық кеңес берудің заманауи әдістері мен техникалары туралы түсініктерді кеңейту;

– психологиялық кеңес берудің практикалық дағдыларын үйрету;

– кәсіби қызметте практикалық білімді қолдану қабілетін қалыптастыру.

Семинарды Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің психология кафедрасының ғалымдары жүргізеді:

Мамбеталина Алия Сактагановна – психология ғылымдарының кандидаты, доцент, психология кафедрасының меңгерушісі;

Уталиева Жанна Тлегеновнаны – психология ғылымдарының кандидаты, психология кафедрасының доценті;

Гитихмаева Людмила Магомедовна –  психология ғылымдарының магистрі, психология кафедрасының аға оқытушысы.

Семинар бағдарламасында  пікірталастар, «миға шабуылы», рөлдік ойындар, тренингтер, жобалар әдісі, жағдайларды талқылау, мәселелерді бірлесіп шешу қарастырылған. 

15 мамыр күні семинар аясында «Олимп шыңына» психология пәнінен республикалық олимпиада өткізіледі.

Іс-шара соңында қатысушылар семинарға, олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат алады және олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелері дипломдарымен марапатталады. 

Ұсынылған квотаны сақтай отырып (әр аймақтан 2 адамнан артық емес) білім басқармасы бекіткен семинарға қатысу үшін өтінімді а. ж. 1мамырына дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар http://tiny.cc/SeminarP2024 сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс. 

Қатысушының ата-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефон,e-mailҚонақ үй қажеттілігі 
      

Іс-сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы 25 350 тенге, олипимаданы ұйымдастыру – 4500 тенге, жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Қатысушылардың келу күні 12 мамыр сағат 14.00-ден, қайту күні 15 мамыр 15.00-ден кейін.

Қатысушылар үшін  Sky Luxe Hotel (Достық,13) қонақ үйінен орындар брондалды.

Барлық сұрақтар бойынша: 

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы, 

3 қабат, 301 кабинет.

Байланыс тел.: 8 (7172) 795867