ХИМИЯ ПӘНІНЕН 58-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ТОҒЫЗ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

⚗️Бүгін, 26 сәуірде химия пәнінен оқушыларға арналған 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы қорытындыланды. Шэньчжэнь қаласында (Қытай) өткен жарысқа 29 елден 200-ден астам оқушы қатысып, өзара 15 алтын, 30 күміс және 45 қола жүлдені сарапқа салды.

🇰🇿Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс және 6 қола, барлығы 9 медаль жеңіп алды:

🥇Алтын медаль – Ринат Илюсизов – Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған лицейдің оқушысы.

🥈Күміс жүлде – Әділжан Молдағұл («Білім-Инновация» лицей-интернаты, Ақтау қаласы) және Кирилл Ким (ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана қ.).

🥉Қола медаль – Абылай Қабдулхадыр (ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана қ.), Алихан Серікұлы (Haileybury халықаралық мектебі, Алматы қ.), Еңлік Бақытбекова (ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы қ.), Тамила Рахимбаева (ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қ.), Санжар Қалиақбар (№1 «Білім-Инновация» мектеп-интернаты, Қарағанды қ.) және Әліби Мұғалім («Білім-Инновация» мектеп-интернаты, Ақтау қ.).

✨Қазақстан құрама мүшелерін, олардың ата-аналарын және мектеп ұжымдарын осы жарқын жеңіспен құттықтаймыз!

👨‍🔬Биылғы жылы олимпиадаға әлемнің 21 елінен келген мектеп оқушылары қатысатын болады. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан және т.б. Бразилия құрамасы Халықаралық Менделеев олимпиадасына алғаш рет қатысып отыр.

Командалардың құрамы республикалық химия олимпиадаларының қорытындысы бойынша анықталады.

⚙️Жобаны қабылдаушы тараптан — Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, ал Ресей тарапынан дәстүрлі түрде М. В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультеті мен Андрей Мельниченко Қоры ұйымдастырады.

💬"Еліміздің аумағында химия пәнінен оқушыларға арналған Халықаралық Менделеев олимпиадасы төртінші рет өткізілуде. Биыл Астана қаласында негізгі іс-шаралар өтуде. Атап айтқанда, балалар Назарбаев Университетінің зертханалары мен аудиторияларында өз дағдыларын көрсететін болады. Техникалық жарақтандыру осы олимпиаданы өткізу шарттарына толық сәйкес келеді", - деді "Дарын" РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

⚗️Олимпиада алты күнге созылады және үш турдан тұрады: екі теориялық және бір практикалық. Күрделілігі бойынша бірінші турдың міндеттері мамандандырылған химиялық сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді. Екінші турда қатысушыларға химияның бес бөлімінен жоғары деңгейлі тапсырмалар ұсынылады: органикалық, бейорганикалық, аналитикалық және физикалық химия, сондай-ақ тіршілік тану.

🏆Менделеев олимпиадасының қорытындысы бойынша қатысушыларға қатысу сертификаттары мен естелік сыйлықтар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен алтын, күміс, қола медальдар тапсырылады. Байқаудың абсолютті жеңімпазына Андрей Мельниченко Қоры атынан академик Валерий Лунин атындағы сыйлықпен марапатталады.

🎥Айта кетейік, Олимпиаданың ашылу және жабылу рәсімдері YouTube-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.