«ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» ҒАРЫШТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСЫНДА 43 ЖЕҢІМПАЗ АНЫҚТАЛДЫ

2024 жылғы 28-30 сәуірі аралығында Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы базасында 9-11(12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми конкурсы өтті. Ғылыми конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан 100-ге жуық оқушылар қатысып, 43 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды.

Жабылу салтанатында қатысушыларды «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Нұрлан Мұғиынұлы Жұмагелді құттықтады.

«Қымбатты жас ғарыш зерттеушілері! Бүгін біз сіздердің білімге деген ұмтылыстарыңызды және ғылымға қосып жатқан үлестеріңізді атап өту үшін осында жиналып отырмыз. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің атынан сіздерді мақтан тұтатынымызды білдіремін. Осы конкурстарға қатысуларыңыз сіздердің ерекше мақсатқа бағытталғандықтарыңызды және әрқайсыңыздың дарындылық қасиеттеріңізді айшықтап тұр. Алдағы жылдарда әлемді өзгерте алатындай сіздердің де ашатын тың керемет жаңалықтарыңыздың болатынына сенімдіміз. Осы конкурстар сіздерге үлкен жетістіктер мен ғылымды игеруде басқан алғашқы қадамдарыңыз болсын. Зерттеумен айналысуға деген құштарлықтарыңыз ешқашан өшпесін. Сіздерге сәттілік тілеймін! – деді ол құттықтауында.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен 8 жеңімпаз, ІІ дәрежелі дипломмен – 13 оқушы, ал 22 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Конкурс жүлдегері атыраулық Қазыбек Қыдырбай да өз ойымен бөлісті: «Ғылым әлемін ашамыз» байқауына алып келген жобам «Ғарыштық станциялар мен ғарыштық калониялардағы адам өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі» деп аталады. Менің құрылғы жүйемде екі элемент бар. Бірі пропан, бутан, түтін секілді сұйықтықтарды сезе алатын құрылғы. Екіншісі бұл макет. Макетті ғарыштық станция деп алуға болады. Адам өміріне керекті заттар осында орналасқан. Жалпы байқауға ұзақ уақыт дайындалдым. Жасаған жобам қазылар алқасының көңілінен шығып, екінші орынға іліктім» – дейді ол.

Сонымен қатар, 20 оқушы ерекше жетістіктері үшін грамотамен айшықталды. Барлық қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталды.

Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз!

ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 20 қазанда «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсына тіркелудің басталғанын хабарлайды. Конкурс «AEROO» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

Ағымдағы жылы конкурс жаңа халықаралық форматта өткізіледі және үш бағытты қамтиды:

  1. AEROO Satellite Launch Competition (ASLC) – наноспутниктерді жобалау, құрастыру және стратосфераға ұшыру;
  2. AEROO Space AI Competition – жасанды интеллектті қолдана отырып ғарыштық жобалар әзірлеу;
  3. AEROO Rocket Science Competition – су және модельдік зымырандарды жобалау, құрастыру және ұшыру.

Қатысушыларды іріктеу екі кезеңде жүзеге асырылады:

онлайн кезең: 2025 жылғы 20 қазан – 19 қаңтар тіркелу және тапсырмаларды https://aeroo.space платформасында онлайн орындау;

қорытынды кезең:  2026 жылғы 9–12 сәуір аралығында Астана қаласында өткізіледі.

Қатысу үшін өтінімдер https://aeroo.space сайтында онлайн қабылданады. Іріктеу кезеңдерінің нақты даталары төмендегі кестеде беріледі:

Кезең Күні
Қатысушыларды тіркеу (ASLC бағыты бойынша күндері өзгеруі мүмкін)

 

2025 жылғы 20 қазан (12:00 GMT+5) – 2026 жылғы 19 қаңтар (23:59 GMT+5)
Іріктеу кезеңінің жұмыстарын қабылдау 2026 жылғы 1 ақпан (12:00 GMT+5) – 2026 жылғы 28 ақпан (23:59 GMT+5)

 

Іріктеу кезеңінің нәтижелерін жариялау

 

2026 жылғы 10 наурыз (12:00 GMT+5)
Командалардың Астана қаласына халықаралық кезеңге келуі

 

2026 жылғы 8 сәуір
Финалдық жарыстардың басталуы 2026 жылғы 9 сәуір

 

Жүлдегерлерді салтанатты марапаттау

 

2026 жылғы 12 сәуір

Конкурстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын және қатысушылардың кең қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында өңірлерде уақтылы әрі сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Конкурс туралы ақпараттың барлық білім беру ұйымдарына, соның ішінде шалғайдағы мектептерге дейін жетуін қамтамасыз ету, оқушылар мен педагогтердің хабардар болуын және қатысу мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету маңызды.

Сондай-ақ, тіркеу барысына мониторинг жүргізу және ұйымдастырушылармен өзара тиімді ақпарат алмасу жұмыстарын үйлестіріп отыру қажет.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс ақпараты:

Ұйымдастыру сұрақтары бойынша Техникалық мәселелер бойынша
Телефон: +7 (7172) 576-563
Сайт: https://daryn.kz
Email: info@daryn.kz
Телефон: +7 775 163 97 90
Сайт: https://aeroo.space
Email: info@aeroo.spaceTelegram арнасы:

https://t.me/+oiByQlllbvA3Njgy

 

Ғарыштық техника және инфрақұрылым Қарау
Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу Қарау
Күн жүйесі және ғарыш физикасы Қарау
Биология және космостық медицина Қарау

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) 2024 жылғы 28-30 сәуірі аралығында Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы базасында 9-11(12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми конкурсын өткізді (бұдан әрі ғылыми конкурс).

Ғылыми конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау; ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты балалардың және жасөспірімдердің қызығушылығын дамыту; отандық және әлемдік ғарыш жетістіктерін насихаттау; ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.

Ғылыми конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен 100-ге жуық 9-11(12) сынып оқушылары қатысты.

Ғылыми конкурстың жұмысы 3 секция бойынша өткізілді:

1-секция.  «Ғарыштық техника және инфрақұрылым». Бұл бағытта баллистика, ғарыш аппараттарының, Жердің жасанды спутниктерінің және автоматты планетааралық станциялардың динамикасы; зымырандарды, спутниктерді және борттық ғылыми аспаптарды құрастыру мәселелері; басқарылатын ғарыш аппараттарына арналған тіршілікті қамтамасыз ету және радиациялық қорғау жүйелері; ғарыш айлақтары мен станцияларына қатысты – 20 қатысушы.

2-секция.  «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу» бағытында қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер, ғарыш техникасы құралдарымен деректерді беру және өңдеу, ғарыш жүйелерін модельдеу және басқаруға қатысты – 30 қатысушы.

3-секция. «Күн жүйесі» бағыты бойынша жерге жақын ғарыш кеңістігін зерттеу; күнді, планеталарды, планетааралық ортаны зерттеу тақырыптарында – 41 оқушы бақ сынады.

Ғылыми конкурстың ережесіне сәйкес, қорытынды республикалық кезеңнің қатысушылар санынан 45%-ы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО грамоталарымен марапатталады. Атап айтсақ: 8 оқушы – І дәрежелі дипломмен, 13 оқушы – ІІ дәрежелі дипломмен, ал 22 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломмен, сондай-ақ 20 оқушы ерекше жетістіктері үшін грамотамен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталды.

Жеңімпаздар тізімі

Ұйымдастыру комитеті атынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді қол жеткізген жетістіктерімен құттықтаймыз!

«Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми  жарыстары (әрі қарай – ғылыми жарыстар) а.ж. 28-30 сәуір аралығында Астана қаласында өтетіні туралы хабарлайды.

Аймақтардың өтінімі бойынша ғылыми жарыстардың қорытынды кезеңіне   91 оқушы қатысады, әр аймақтан 5 жобадан (1 секцияға – 1 жоба;  2 мен 3 секцияға – 2 жобадан).

Ереже

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын ғылым қызметкерлерінің күні және ғарышкерлер күні қарсаңында ғарыштық зерттеулер бойынша "Ғылым әлемін ашамыз" атты Халықаралық ғылыми  жарыстарын (әрі қарай - Ғылыми жарыстар) өткізіп келеді. Ғылыми жарыстар 2022 жылғы 05 - 06 мамыр аралығында онлайн форматта өткізіледі.

Ғылыми жарыстардың мақсаты – ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы оқушылардың зияткерлік әлеуетін анықтау және дамыту, отандық және әлемдік ғарышкерліктің жетістіктерін насихаттау, ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру.

Ғылыми жарыстардың қорытынды кезеңіне 161 жас зерттеушілердің авторлығымен 116 ғылыми жоба, оның ішінде 47 командалық және 69 жеке жұмыстар ұсынылды.

Ғылыми жарыстар кестеге сәйкес онлайн форматта 5 секция бойынша өткізіледі.

05 мамыр күні сағат 10.15-ден  13.00-ге дейін, 14.00-ден - 17.30-ға дейін:

1 секция.  "Ғарыштық техника және инфрақұрылым" – 19 жоба;

2 секция.  "Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу" – 26 жоба;

3 секция.  "Экология және ғарыш қызметі" – 34 жоба;

05 мамыр күні сағат 10.15-ден  13.00-ге дейін:

4 секция. "Астрофизика және Ғаламның эволюциясы"  - 15 жоба;

5 секция.    "Күн жүйесі" – 22 жоба.

Жалпы жобаларға қатысқан 161 оқушының 116 проектінің ішінде  1 орынға иелеген 10 жоба, 2 орын – 15 жоба, 3 орын – 26 жоба.

Ғылыми жарыстардың қазылар алқасының шешімімен қорытынды кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМ I,II,III дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады.

Жеңімпаздар тізімі ОМН