ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР REGENERON ISEF-2024 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ИНЖЕНЕРЛІК КОНКУРСЫНДА БЕДЕЛДІ МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

🇺🇸 11-17 мамыр аралығында Лос-Анджелесте оқушыларға арналған дүниежүзілік ғылыми-инженерлік Regeneron ISEF 2024 конкурсы өтті.

Қазақстанның үш оқушысы беделді марапаттарға ие болып, 100% нәтижеге қол жеткізді.

🏆Жобадағы жетістіктері үшін Әбілмансұр Рахметуллаев, Саяжан Жақсығалиева және Әлихан Жарболов түрлі санаттар бойынша үздік деп танылып, жобадағы еңбегін бағалау дипломдарына ие болды.

📃 Сондай-ақ дарынды жас ғалымдар Король Абдулазиз және оның серіктестері қоры атынан «Маухиба» арнайы сыйлықтарына ие болды. Оларға Король Фахд мұнай және минералдар университетінде оқу үшін толық қаржыландырылған білім гранттары табысталды.

🔬 Арнайы сыйлық қатысушыларға қаржылық мәселелерге алаңдамай, оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл олардың академиялық және ғылыми жұмыстарға назар аударуы үшін үлкен мүмкіндік.

📌 Айта кету керек, Regeneron ISEF-2024 70-тен астам елден 2000-ға жуық қатысушының басын қосып, оларға өздерінің инновациялық әзірлемелерін көрсетуге және дүние жүзіндегі әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін ауқымды шара.