11-17 мамыр аралығында Лос-Анджелесте оқушыларға арналған дүниежүзілік ғылыми-инженерлік Regeneron ISEF 2024 конкурсы өтті.
Қазақстанның үш оқушысы беделді марапаттарға ие болып, 100% нәтижеге қол жеткізді.
Жобадағы жетістіктері үшін Әбілмансұр Рахметуллаев, Саяжан Жақсығалиева және Әлихан Жарболов түрлі санаттар бойынша үздік деп танылып, жобадағы еңбегін бағалау дипломдарына ие болды.
Сондай-ақ дарынды жас ғалымдар Король Абдулазиз және оның серіктестері қоры атынан «Маухиба» арнайы сыйлықтарына ие болды. Оларға Король Фахд мұнай және минералдар университетінде оқу үшін толық қаржыландырылған білім гранттары табысталды.
Арнайы сыйлық қатысушыларға қаржылық мәселелерге алаңдамай, оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл олардың академиялық және ғылыми жұмыстарға назар аударуы үшін үлкен мүмкіндік.
Айта кету керек, Regeneron ISEF-2024 70-тен астам елден 2000-ға жуық қатысушының басын қосып, оларға өздерінің инновациялық әзірлемелерін көрсетуге және дүние жүзіндегі әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін ауқымды шара.
Әлемдегі ең беделді ғылыми жобалардың қатарында АҚШ-та өтетін ISEF жобасын жатқызуға болады. 1950 жылы негізі құрылған дәстүрлі көрмеге жылда 100-ден астам елден 2000-нан аса білімпаз қатысып, бақ сынайды.
2022 жылдың ақпан айында Шымкент қаласында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы халықаралық стандартқа сай көрме ұйымдастырды. Қорытынды кезеңде 749 жас өнертапқыштың авторлығымен 596 ғылыми жоба ұсынылды.
Ғылыми-зерттеу комиссиясының талқылау және ашық дауыс беру нәтижесінде 3 білімпаз іріктеліп алынды:
- Айту Ақәділ Бағдатұлы, НЗМ ББҰ 9-сынып оқушысы, Тараз қаласы, секция – қоршаған ортаны қорғау, жобаның тақырыбы: «Тасөткел су қоймасын балық аулайтын торлардан тазарту қондырғысын жасау»;
- Амангелдиева Аяулым, Ж.Жабаев атындағы №4 МГ 11 сынып оқушысы. Нұр-Сұлтан қаласы, секция – химия, жоба тақырыбы: «Peqfnum harmala» өсімдігінің фитохимиялық зерттеуі»
- Қостанай қаласы «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары Камила Өтегенова мен Диана Мельникованың командалық жобасы, секция – информатика, жоба тақырыбы: «Жүргізушінің қозғалысын бақылаудың интеллектуалды жүйесін дамыту жағдайы».
Осылайша 3 үздік жоба іріктеліп, 2022 жылдың 3-10 мамыры аралығында Атланта (АҚШ) өткен халықаралық ғылыми жобалар көрмесінде Қазақстан атынан қатысты.
Қазақстандық білімпаздар бұл шараға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының базасында онлайн қатысты. Regeneron ISEF-2022 бағдарламасы мен кестесіне сәйкес қазақстандық мектеп оқушыларының өнер көрсетуі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 2022 жылдың 5 мамыры сағат 20.00-ден 6 мамыр сағат 01.30-ға дейінгі аралықта жобасын қорғады.
Қатысушылардың жұмысын әділ қазылар алқасының 8 мүшесі: ғалымдер мен сарапшылар қарады. Қатысу нәтижесінде қазақстандық мектеп оқушылары финалистер сертификатын алды.
Regeneron ISEF-2022
ғылым және техника халықаралық көрмесіне
қатысқан оқушылар тізімі
№ |
Аты-жөні |
Сынып |
Облысы |
Білім бру ұйымы |
Секция |
Жоба атауы |
1 |
Айту Ақәділ Бағдатұлы
|
9 |
Жамбылская |
НЗМ ББҰ
Тараз қаласы |
охрана окружающий среды |
«Тасөткел су қоймасын балық аулайтын торлардан тазарту қондырғысын жасау»; |
2 |
Амангельдиева Аяулым |
11 |
Нур-Султан |
Ж.Жабаев атындағы №4 МГ |
химия |
«Peqfnum harmala» өсімдігінің фитохимиялық зерттеуі»
|
3 |
Утегенова Камила |
11 |
Костанайская |
«Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты |
информатика |
Жүргізушінің қозғалысын бақылаудың интеллектуалды жүйесін дамыту жағдайы». |
4 |
Мельникова Диана |
11 |
Костанайская |
«Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты |
информатика |
Жүргізушінің қозғалысын бақылаудың интеллектуалды жүйесін дамыту жағдайы». |