6-8 сынып оқушыларына арналған «I-DARYN» оқу-танымдық ауысым

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығы 2024 жылдың шілде-тамыз айында Астана қаласында мамандандырылған білім беру ұйымдарының 6-8 сынып оқушыларына арналған «I-DARYN» оқу-танымдық ауысымын (бұдан әрі - ОТА) өткізеді.

Оқу-танымдық ауысымның мақсаты - оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқуға қызығушылығын арттыру.

Оқу-танымдық ауысымның бағдарламасында әр түрлі деңгейдегі олимпиадалық есептерді шешу, сондай-ақ Астана қаласы бойынша экскурсиялық бағдарлама қарастырылған.

Оқу-танымдық ауысымды тәжірибелі педагогтер, өткен жылдардағы республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері өткізеді.

Білім басқармасы бекіткен ОТА қатысу үшін өтінімді а. ж. 28 мамырына дейін төмендегі үлгі бойынша serikzhan.d@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ  қатысушылар http://tiny.cc/UPC2024 сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс. 

Әр облыс үшін квота-6 адам (әр пәннен және сыныптан бір қатысушы).

Қатысушылардың математика және физика пәндері бойынша келу күні 21 шілде - кету күні 26 шілде; химия және биология пәндері бойынша келу күні 28 шілде - кету күні 3 тамыз; география және ағылшын тілі пәндері бойынша келу күні 5 тамыз - кету күні 11 тамыз.

Оқу-танымдық ауысым қатысушыларының барар және қайтар жолда өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі жауапты топ жетекшісіне жүктеледі.

Оқушының іс-сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы 145 000 тенге, жолы), жетекшінің (жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

 

Қатысушының ата-жөні (толық) Білім беру ұйымы Сыныбы Қатысушының телефоны Жетекшінің аты-жөні

(толық)

Жетекшінің телефоны 

Қатысушылар үшін Sky Luxe Hotel (Достық,13) қонақ үйінен орындар брондалды.

Барлық сұрақтар бойынша: 

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы, 

3 қабат, 310 кабинет.

Байланыс тел.: 8 (7172) 795874