IBO-2024 БИОЛОГИЯ БОЙЫНША 35-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ!

IBO-2024 биология бойынша 35-ші Халықаралық олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті! Оған оқушылар мен олимпиада қазылар алқасының мүшелерінен басқа, іс-шараға шетелдік елшіліктердің, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.

Шара барысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов және IBO халықаралық комитетінің төрағасы Ленка Либусова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар IBO2024 барлық қатысушылар үшін ұмытылмас зияткерлік мереке болатынына үміт білдіріп, алдағы сайыста сәттілік тіледі.

Сайтқа сілтіме: https://ibo2024.kz/