2024 жылдың 8-9 тамыз күндері Сүлеймен Демирел университетінің базасында «Цифрландыру- бүгінгі білім берудегі жаңаша көзқарас және қажеттілік» атты республикалық педагогикалық конференциясы өтті.
Педагогикалық кеңес 2024-2025 оқу жылына арналған педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын талқылаумен аяқталды.
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жинақталған оң тәжірибесін және педагогикалық әлеуетін ескере отырып, кеңеске қатысушылар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығына келесідей ұсыныстар ұсынды:
– іске асырылып жатқан бастамалар аясындағы жобаларды қолдау бойынша нормативтік құқықтық құжаттар кешенін қамтамасыз ету;
– білім беруді цифрландыру жағдайында бірыңғай қолжетімді ортаны дамыту тетіктерін енгізу және қолдау;
– дарынды және талантты балаларды анықтау мен қолдауды қамтамасыз ету;
– білім беруді модернизациялау үшін перспективалы бағдарламалар мен жобаларды анықтауды және қолдауды қамтамасыз ету;
– үздік педагогтерді қолдау және олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау;
– ақпараттық желілер, бұқаралық ақпарат құралдары, педагогикалық алаңдарды өткізу, қоғамдық бастамаларды іске асыру және т. б. арқылы мамандандырылған мектептерді дамыту тәжірибесін тарату практикасын жалғастыру.
Марапаттау рәсімі 9 тамыз күні өткізіліп, еңбегі жоғары көрсеткіштермен бағаланған педагогтерге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табыс етілді.
Мұғалімдерді құттықтаймыз!
2023-2024 оқу жылы
«Цифрландыру - бүгінгі білім берудегі жаңаша көзқарас және қажеттілік» атты республикалық тамыз педагогикалық конференциясының қорытындысы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылдың 8-9 тамыз күндері Сүлеймен Демирел университетінің базасында (Қаскелең қ. Алматы облысы) «Цифрландыру - бүгінгі білім берудегі жаңаша көзқарас және қажеттілік» атты республикалық педагогикалық конференциясын өткізді (бұдан әрі-педагогикалық конференция).
Педагогикалық конференцияның мақсаты: дарынды балалардың білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал ететін перспективалық тәжірибені тарату, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеуде басым бағыттарды айқындау, қатысушылардың өзара белсенді іс-әрекеті, тәжірибе алмасу және білім беру процесінде цифрлық технологияларды қолданудың түрлі әдістерін талдау.
Педагогикалық конференцияның жұмысына дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік орталықтардың басшылары, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Педагогикалық конференцияның бағдарламасы мамандандырылған мектептер және жалпы қоғам үшін маңызды басым міндеттерді талқылап, жинақталған іс-тәжірибемен бөлісіп, оны таратуды қамтыған 3 педагогикалық алаңның жұмысын, сондай-ақ пленарлық сессия отырысын қамтыды.
Педагогикалық алаңдарда мектепті цифрландырудың перспективалық жолдарын анықтау, оқу жұмысының ұйымдастыру түрлері мен әдістерін және мазмұны мен нысандарын трансформациялау, мектепті қайта құру үшін маңызды факторлар кешенін анықтау, цифрлық педагогика саласындағы негізгі үрдістер мен құралдарды зерделеу, мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы мен медиа құзыреттілігінің деңгейін арттыру, цифрлық оқыту саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу мәселелері талқыланды.
Пленарлық отырыста спикерлердің баяндамалары педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар білім беру ортасын құруға, болашақ ұрпақтың көшбасшылық қасиеттері мен шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал ететін цифрлық құзыреттіліктерін жетілдіріп, қазіргі білім беру жағдайында табысты жұмыс істеудің нақты құралдарын анықтауға бағытталды.
Педагогикалық кеңес 2024-2025 оқу жылына арналған педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын талқылаумен аяқталды.
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жинақталған оң тәжірибесін және педагогикалық әлеуетін ескере отырып, кеңеске қатысушылар бірауыздан шешім қабылдап, келесі ұсыныстарды әзірледі:
- іске асырылып жатқан бастамалар аясындағы жобаларды қолдау бойынша нормативтік құқықтық құжаттар кешенін қамтамасыз ету;
- білім беруді цифрландыру жағдайында бірыңғай қолжетімді ортаны дамыту тетіктерін енгізу және қолдау;
- дарынды және талантты балаларды анықтау мен қолдауды қамтамасыз ету;
- білім беруді модернизациялау үшін перспективалы бағдарламалар мен жобаларды анықтауды және қолдауды қамтамасыз ету;
- үздік педагогтерді қолдау және олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау;
- ақпараттық желілер, бұқаралық ақпарат құралдары, педагогикалық алаңдарды өткізу, қоғамдық бастамаларды іске асыру және т. б. арқылы мамандандырылған мектептерді дамыту тәжірибесін тарату практикасын жалғастыру;
- қазіргі заманғы сын-тегеуріндерді, білім беру ұйымының ерекшелігін ескеретін жұмыс бағдарламаларын іске асыру үшін жағдайлар жасау;
- жасанды интеллект және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сервистерін қоса алғанда, цифрлық технологияларды білім беру процесіне интеграциялау үшін педагогтерді білім және дағдылармен қамтамасыз ету, осылайша қазіргі заманғы білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
- білім алушылардың белсенділігінің барлық түрлерін, ата-аналардың бастамаларын, кәсіби қоғамдастықтарды қолдау;
- өскелең ұрпақты оқытуға және тәрбиелеуге бағытталған өзекті жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда әлеуметтік әріптестікті, желілік өзара байланысты дамыту;
- әлеуметтік сұраныстарға, экономикалық жағдайларға және даму тенденцияларына сәйкес білім беру бағдарламаларының, тәрбие бағдарламаларының вариативті компонентінің мазмұнын сапалы жаңартуды қамтамасыз ету;
- ақпараттық білім беру ресурстарының, ақпараттық технологиялардың базасын қалыптастыруды жалғастыру және оларға білім беру процесінің барлық қатысушыларының қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- қазіргі сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді ескеретін білім беру ұйымдарымен жүйелі өзара байланысты қамтамасыз ету;
- өзара әрекеттесудің жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін іздестіруді жалғастыру;
- жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өңірлік тәрбие жүйесін дамытуда ресурстық қолдауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Педагог қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі бұл жұмысқа кешенді және жүйелі сипат бере отырып, білім беруді жаңарту мен жаңғыртуды дәйекті түрде жалғастыру қажет деп санайды.
Марапаттау рәсімінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде еңбегі жоғары көрсеткіштермен бағаланған педагогтерге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Алғыс хаттары мен құрмет грамоталары табыс етілді.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне араналған «Цифрландыру - бүгінгі білім берудегі жаңаша көзқарас және қажеттілік» атты республикалық педагогикалық конференциясының АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ
Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістердің серпінділігі білікті кадрлар талап ететін прогреске, қарқынды экономикалық дамуына байланысты қызмет етіп тұрған әлемдік білім беру жүйелерін қайта қарауды қажет етті.
Цифрландыру дәуіріндегі білім беру жүйесі мүлдем өзгеше, өйткені инновациялық сипаттағы жаңа ақпараттық технологиялар оқыту моделіне белсенді ене бастайды. Білім беруді цифрландыру оқытуға жаңа мүмкіндіктер береді, оған тиісті білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын арттырады.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу процесінің сапасын арттырудың перспективалық тәжірибесін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі басым құндылықтарды анықтау мақсатында а.ж. 7-9 тамыз күндері Сүлейман Демирель атындағы университеті (Алматы облысының Қаскелең қаласы) базасында «Цифрландыру - бүгінгі білім берудегі жаңаша көзқарас және қажеттілік» атты республикалық педагогикалық конференциясын өткізеді (бұдан әрі-педагогикалық конференция).
Педагогикалық конференция жұмысына арнайы белгіленген квотаға сәйкес, аймақтық «Дарын» орталықтарының басшылары, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары шақырылады.
Педагогикалық алаңда тәжірибе алмасу, мұғалімдердің әртүрлі тұжырымдарды, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін қамтитын мәселелерді талқылап, пленарлық отырыс өткізу жоспарлануда.
Педагогикалық конференцияның негізгі мәселелері:
"Білім беруді цифрландыру - жұмыс мазмұнын мен әдістерінің өзгеру процесі"," «Мектепті цифрландырудың перспективалық жолдарын анықтау», «Цифрлық мектеп моделі және мектепті қайта құру үшін маңызды факторлар кешенін анықтау», «Оқушылардың сапалы білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері мен құралдары», «Білім беруді цифрландыру салалары "және" мұғалім жаңа ұрпақ балаларын қалай дайындайды?».
Әр қатысушыға а.ж. 12 шілдесіне дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/Tamyz2024 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.
Іссапар шығыны жіберуші жақтың есебінен төленеді. Қатысушылардың педкеңеске келу күні – 7 тамыз, аяқталуы – 9 тамыз сағат 17.00-ден кейін.
Анкара-орталығында тәулігіне бір адамға тұру құны 5 000 теңге, орталықтың мекен-жайы: Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 1г.
Университеттің мекенжайы: Алматы облысы, Қаскелең қ., Абылайхан көшесі- 1/1.
Тамыз педкеңесіне қатысу үшін обылыстық білім басқармасынан сұранысты берілген қосымшаға және квотаға сәйкес осы жылдың 12 шілдесіне дейін көрсетілген электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: g.berdenova@daryn.kz
№ | Қатысушының аты-жөні (жеке құжат бойынша) | Облыс, қала, аудан | Жұмыс орны | Қызметі | Қонақ үй қажеттілігі | Байланыс телефоны |
Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондары: 8-7172-79-58-66,
8-771-100-89-33 Гүлден Серікқызы
Мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтерінің тамыз кеңесіне қатысу квотасы
№ | Облысы | Мектептер
саны |
МББҰ
директоры |
МББҰ директорының орынбасары | Өңірлік орталық басшылары | Барлығы |
1 | Абай | 3 | 3 | 3 | 1 | 7 |
2 | Ақмола | 5 | 5 | 5 | 1 | 11 |
3 | Ақтөбе | 3 | 3 | 3 | 1 | 7 |
4 | Алматы | 6 | 6 | 6 | 1 | 13 |
5 | Атырау | 7 | 7 | 7 | 1 | 15 |
6 | Батыс-
Қазақстан |
5 | 5 | 5 | 1 | 11 |
7 | Жамбыл | 6 | 6 | 6 | 1 | 13 |
8 | Жетісу | 3 | 3 | 3 | 1 | 7 |
9 | Қарағанды | 10 | 10 | 10 | 1 | 21 |
10 | Қостанай | 3 | 3 | 3 | 1 | 7 |
11 | Қызылорда | 5 | 5 | 5 | 1 | 11 |
12 | Маңғыстау | 3 | 3 | 3 | 1 | 7 |
13 | Павлодар | 14 | 14 | 14 | 1 | 29 |
14 | Солтүстік– Қазақстан | 5 | 5 | 5 | 1 | 11 |
15 | Түркістан | 12 | 12 | 12 | 1 | 25 |
16 | Ұлытау | 2 | 2 | 2 | 1 | 5 |
17 | Шығыс-
Қазақстан |
6 | 6 | 6 | 1 | 13 |
18 | Шымкент қ. | 6 | 6 | 6 | 1 | 13 |
19 | Алматы қ. | 11 | 11 | 11 | 1 | 23 |
20 | Астана қ. | 5 | 5 | 5 | 1 | 11 |
21 | РББҰ | 7 | 7 | 7 | 0 | 13 |
Барлығы: | 127 | 127 | 127 | 20 | 272 |
2022-2023 оқу жылы
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ
Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде мектеп пен мұғалімдердің алдында тұрған бірінші негізгі сұрақ: «21 ғасырда оқушылар нені үйренуі керек?», «Білім мен тәрбие жүйесінде қандай құндылықтарды қалыптастыру маңызды?» Мұғалім жаңа заманауи балаланы қалай дайындауы керек?
Осы сұрақтарға жауап алу үшін, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес а.ж. 15-17 тамыз күндері Сүлейман Демирель атындағы университеті (Алматы облысының Қаскелен қаласы) базасында мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтары үшін «Өзгеріске толы әлемдегі дарынды балаларға арналған білім беру кеңістігінің миссиясы мен құндылықтары» тақырыбында тамыз педагогикалық кеңесін (бұдан әрі – тамыз педкеңесі) өткізеді.
Педкеңестің мақсаты: дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу процесінің сапасын арттырудың перспективалық тәжірибесін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі басым құндылықтарды анықтау.
Тамыз педкеңесінің жұмысына арнайы белгіленген квотаға сәйкес, аймақтық «Дарын» орталықтарының басшылары, орталық қызметкері, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары шақырылады.
Педкеңестің педагогикалық алаңда тәжірибе алмасу, мұғалімдердің әртүрлі тұжырымдарды, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін таныстыруды қамтитын мәселелерді талқылап, пленарлық отырыс өткізу жоспарлануда.
Әр қатысушыға а.ж. 10 шілдесіне дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/Tamyz2023 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.
Іссапар шығыны жіберуші жақтың есебінен төленеді. Қатысушылардың педкеңеске келу күні – 14 тамыз, аяқталуы – 17 тамыз. С. Демирель атындағы университетте тұру бір адамға тәулігіне 10 000 теңгені құрайды.
Университеттің мекенжайы: Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі- 1/1.
Тамыз педкеңесіне қатысу үшін обылыстық білім басқармасынан сұранысты берілген қосымшаға сәйкес осы жылдың 10 шілдесіне дейін көрсетілген электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: baktiyar_s@daryn.kz тел: 57-01-42
№ | Қатысушының аты-жөні (жеке құжат бойынша) | Облыс, қала, аудан | Жұмыс орны | Қызметі | Қонақ үй қажеттілігі | Байланыс телефоны |
Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондары: 8-7172-57-01-42,
8-701-335-84-13 Сайран Бәкенұлы, 8-771-100-89-33 Гүлден Серікқызы
Мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтарының тамыз кеңесіне қатысушылардың нормасы (квотасы)
№ | Облысы | Мектептер саны | МББҰ директоры | МББҰ директорының орынбасары | Өңірлік орталық басшылары | Өңірлік орталық қызметкері | Барлығы |
1 | Абай | 3 | 3 | 3 | 1 | 1 | 8 |
2 | Ақмола | 5 | 5 | 5 | 1 | 1 | 12 |
3 | Ақтөбе | 3 | 3 | 3 | 1 | 1 | 8 |
4 | Алматы | 6 | 6 | 6 | 1 | 1 | 14 |
5 | Атырау | 7 | 7 | 7 | 1 | 1 | 16 |
6 | Батыс-
Қазақстан |
5 | 5 | 5 | 1 | 1 | 12 |
7 | Жамбыл | 6 | 6 | 6 | 1 | 1 | 14 |
8 | Жетісу | 3 | 3 | 3 | 1 | 1 | 8 |
9 | Қарағанды | 10 | 10 | 10 | 1 | 1 | 22 |
10 | Қостанай | 3 | 3 | 3 | 1 | 1 | 8 |
11 | Қызылорда | 5 | 5 | 5 | 1 | 1 | 12 |
12 | Маңғыстау | 3 | 3 | 3 | 1 | 1 | 8 |
13 | Павлодар | 14 | 14 | 14 | 1 | 1 | 30 |
14 | Солтүстік– Қазақстан | 5 | 5 | 5 | 1 | 1 | 12 |
15 | Түркістан | 12 | 12 | 12 | 1 | 1 | 26 |
16 | Ұлытау | 2 | 2 | 2 | 1 | 1 | 6 |
17 | Шығыс-
Қазақстан |
6 | 6 | 6 | 1 | 1 | 14 |
18 | Шымкент қ. | 6 | 6 | 6 | 1 | 1 | 14 |
19 | Алматы қ. | 11 | 11 | 11 | 1 | 1 | 24 |
20 | Астана қ. | 5 | 5 | 5 | 1 | 1 | 12 |
21 | РББҰ | 7 | 7 | 7 | 0 | 0 | 14 |
Барлығы: | 127 | 127 | 127 | 20 | 20 | 294 |
2021-2022 оқу жылы
1 күн
Бүгін Қаскелең қаласындағы Сүлейман Демирель атындағы университеті базасында мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтары үшін «Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер, мүмкіндіктер, жауапкершілік» тақырыбында тамыз педагогикалық кеңесі өтіп жатыр.
Педкеңестің мақсаты – мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшыларына білім сапасын арттырудың нақты жағдайларын талқылау үшін диалог алаңын ұйымдастырып, дарынды балалармен жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша практикалық тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыру.
Тамыз педкеңесінің жұмысына аймақтық «Дарын» орталықтарының басшылары, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың оқу, тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарлары және психологтары қатысуда.
Спикер ретінде Санкт-Петербург жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім беру академиясының аға оқытушысы Наталья Пунченко, отбасылық коуч, гуманистік педагогика пәнінің мұғалімі Асхат Абжанов, жазушы, «Жизнь неизбежно будет обалденной», «ШколаТа» кітаптарының авторы Ақиқат Рас және тағы басқа қонақтар шақырылған.
Педкеңестің педагогикалық алаңдарында шеберлік сабақтар, тренингтер және мәселелерді талқылап, пленарлық отырыс өткізу жоспарлануда.
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ
Мектепте қандай өзгерістер болуы керек, біз сенімді түрде: «өзгеріске дайынбыз» деп айта аламыз ба? Мектеп басшысы тағы не нәрсеге назар аударуы керек? Бұл өзгерістермен бүкіл команданы қалай тез және тиімді түрде таныстыру және оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау керек?
Осы сұрақтарға жауап алу үшін, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылға арналған ісшаралар жоспарына сәйкес а.ж. 10-11 тамыз күндері Сүлейман Демирель атындағы университеті (Алматы облысының Қаскелен қаласы) базасында мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтары үшін "Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер, мүмкіндіктер, жауапкершілік" тақырыбында тамыз педагогикалық кеңесін (бұдан әрі – тамыз педкеңесі) өткізеді.
Педкеңестің мақсаты – мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшыларына білім сапасын арттырудың нақты жағдайларын талқылау үшін диалог алаңын ұйымдастырып, дарынды балалармен жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша практикалық тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыру.
Тамыз педкеңесінің жұмысына аймақтық «Дарын» орталықтарының басшылары, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың оқу, тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарлары және псигологтер шақырылады.
Педкеңестің педагогикалық алаңдарында шеберлік сабақтар, тренингтер және мәселелерді талқылап, пленарлық отырыс өткізу жоспарлануда.
Әр қатысушыға а.ж. 5 шілдесіне дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/TAMYZkenesi2022 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.
Іссапар шығыны жіберуші жақтың есебінен төленеді. Қатысушылардың педкеңеске келу күні – 9 тамыз, аяқталуы – 12 тамыз. С. Демирель атындағы университетте тұру және тамақтану бір адамға тәулігіне 11 500 теңгені (тұру құны -7000 тг, үш мезгіл тамақтану құны -4500 тг) құрайды.
Университеттің мекенжайы: Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі- 1/1.
Тамыз педкеңесіне қатысу үшін обылыстық білім басқармасынан сұранысты берілген қосымшаға сәйкес осы жылдың 5 шілдесіне дейін көрсетілген электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: baktiyar_s@daryn.kz тел: 57-01-42
№ | Қатысушының аты-жөні (жеке құжат бойынша) | Облыс, қала, аудан | Жұмыс орны | Қызметі | Қонақ үй қажеттілігі | Байланыс телефоны |
Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондары: 8-7172-57-01-42,
8-701-335-84-13, Сайран Бәкенұлы, 8-771-100-89-33 Гүлден Серікқызы
Мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтарының тамыз кеңесіне қатысушылардың нормасы (квотасы)
№ | Облысы |
Мектептер саны |
Өңірлік орталық басшылары | МББҰ директоры | МББҰ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары | МББҰ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары | МББҰ психологтары | Барлығы |
1 | Абай | 3 | 3 | 1 | 1 | 1 | 6 | |
2 | Ақмола |
4 |
1 | 4 | 1 | 1 | 1 | 8 |
3 | Ақтөбе |
3 |
1 | 3 | 1 | 1 | 1 | 7 |
4 | Алматы |
5 |
1 | 5 | 1 | 1 | 1 | 9 |
5 | Атырау |
7 |
1 | 7 | 1 | 1 | 1 | 11 |
6 | Батыс-
Қазақстан |
5 | 1 | 5 | 1 | 1 | 1 | 9 |
7 | Жамбыл | 6
|
1 | 6 | 1 | 1 | 1 | 10 |
8 | Жетісу | 3 | 3 | 1 | 1 | 1 | 6 | |
9 | Қарағанды | 10 | 1 | 10 | 1 | 1 | 1 | 14 |
10 | Қостанай | 3 | 1 | 3 | 1 | 1 | 1 | 7 |
11 | Қызылорда | 5 | 1 | 5 | 1 | 1 | 1 | 9 |
12 | Маңғыстау | 3 | 1 | 3 | 1 | 1 | 1 | 7 |
13 | Павлодар | 14 | 1 | 14 | 1 | 1 | 1 | 18 |
14 | Солтүстік– Қазақстан | 4 | 1 | 4 | 1 | 1 | 1 | 8 |
15 | Түркістан | 12
|
1 | 12 | 1 | 1 | 1 | 16 |
16 | Ұлытау |
2 |
2 | 1 | 1 | 1 | 5 | |
17 | Шығыс-
Қазақстан |
6 | 1 | 6 | 1 | 1 | 1 | 10 |
18 | Шымкент қ. |
5 |
1 | 5 | 1 | 1 | 1 | 9 |
19 | Алматы қ. |
10 |
1 | 10 | 1 | 1 | 1 | 14 |
20 | Нұр-Сұлтан қ. |
4 |
1 | 4 | 1 | 1 | 1 | 8 |
Барлығы: | 114
|
17 | 114 | 20 | 20 | 20 | 191 |