Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2024 жылдың 28-30 қазан аралығында Қостанай қаласы «Озат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты базасында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Білім беру процесінде жасанды интеллектті тиімді енгізу және пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты – білім беру процесінде жасанды интеллектті пайдалануда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Семинардың міндеттері:
– әртүрлі пәндер сабақтарында нейрондық желілер мен жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру;
– жасанды интеллектке негізделген инновациялық білім беру өнімдері мен қызметтерінің мысалдарын көрсету;
-қатысушыларға шебер-сыныптар мен интерактивті сабақтар арқылы өз білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беру.
Семинар бағдарламасында жасанды интеллектті сабақтарда пайдалану көрсетілімі, шебер сыныптар қарастырылған.
Іс-шараны жетекші педагогтер өткізеді.
Семинарға қатысу үшін білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады.
Іс-шара соңында қатысушылар семинарға қатысқаны үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификатын алады.
Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (әр аймақтан 3 адамнан артық емес) білім басқармасы бекіткен семинарға қатысу үшін өтінімді о. ж. 18 қазан айына дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар http://tiny.cc/Kostsem2024 сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс.
№ | Қатысушының ата-жөні (толық) | Жұмыс орны | Лауазымы | Еңбек өтілі | Телефон, e-mail |
Қатысушылардың келу күні – 28 қазан, семинардың басталуы – 29 қазан, аяқталуы – 30 қазан сағат 18.00-ден кейін.
Іс-сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы 25 350 тенге, жолы, тамақтануы) жіберуші тараптың есебінен төленеді.
Семинар қатысушыларына «Озат» ММЛИ жатын орындар тегін қарастырылған.
Барлық сұрақтар бойынша:
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы, 3 қабат, 301 кабинет. Байланыс тел.: 8 (7172) 795867