Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2024 жылдың 25 – 28 қазан аралығында Астана қаласы Ө.Жәнібек атындағы №11 мектеп-лицейінің базасында білім беру ұйымдарының психологтеріне арналған «Білім алушыларды білім беру ортасында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты – білім беру ортасында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша психологтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинардың міндеттері:
– білім беру ортасында булингтің себептері мен алдын алу мәселелерін талқылау;
– педагог-ата-ана-оқушының тиімді өзара іс-әрекетін қарастыру;
– білім алушылардың психо-эмоционалдық саласын дамыту;
– ересек өмірде табысты тұлғаның кепілі ретінде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Семинар спикерлері
Капанова Гульмира Кадырбаевна | Астана қаласы әкімдігінің психологиялық қолдау орталығының директоры |
Аубакирова Жанат Канашовна | психология ғылымдарының кандидаты Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің психология кафедрасының профессорының міндетін атқарушы |
Исаханова Асель Алимахановна | педагогика және психология PhD докторы, Астана IT университетінің қауымдастырылған профессоры, арт-терапевт |
Белесова Нурсулу Абдигаппаровна | педагогика және психология магистрі, PhD докторанты, Астана IT университетінің аға оқутышысы |
Семинар аясында «Олимп шыңына» психология пәнінен республикалық олимпиада өткізіледі.
Семинар бағдарламасында тренингтер, практикалық жұмыстар жүргізу қарастырылған.
Іс-шараға қатысу үшін білім беру ұйымдарының педагог – психологтері шақырылады.
Іс-шара соңында қатысушылар семинарға, олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат алады және олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелері дипломдарымен марапатталады.
Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (әр аймақтан 5 адамнан артық емес) білім басқармасы бекіткен семинарға қатысу үшін өтінімді а. ж. 17 қазан айына дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар http://tiny.cc/Respseminar2024 сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс.
Іс-сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы, жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.
№ | Қатысушының ата-жөні (толық) | Жұмыс орны | Лауазымы | Еңбек өтілі | Телефон, e-mail |
Қатысушылардың келу күні – 25 қазан, семинардың басталуы – 26 қазан, аяқталуы – 28 қазан сағат 13.00-ден кейін.
Іс-сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы 25 350 тенге, олипимаданы ұйымдастыру – 4500 тенге, жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.
Қонақүйде орындарды брондау үшін төмендегі мекен-жайларға хабарласуға болады:
Астана қ., «Думан» қонақ үй кешені, Қорғалжын тас жолы, 2а
тел. 8 (708) 909 8500; 8 (7172) 79-15-00;
Астана қ., «Алтын Дала» қонақ үй кешені, Бигелдинов к-сі, 8/1
тел. 8 (7172) 32-33-11, 8 (701) 032-33-11.
Барлық сұрақтар бойынша:
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы,
3 қабат, 301 кабинет. Байланыс тел.: 8 (7172) 795867