«Білім беру процесінде жасанды интеллектті тиімді енгізу және пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық  семинарды  өткізу туралы ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2024 жылдың 28-30 қазан аралығында Қостанай қаласы «Озат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты базасында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған  «Білім беру процесінде жасанды интеллектті тиімді енгізу және пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты –  білім беру процесінде жасанды интеллектті пайдалануда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Семинардың міндеттері:

– әртүрлі пәндер сабақтарында нейрондық желілер мен жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру;

– жасанды интеллектке негізделген инновациялық білім беру өнімдері мен қызметтерінің мысалдарын көрсету;

-қатысушыларға шебер-сыныптар мен интерактивті сабақтар арқылы өз білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беру.

Семинар бағдарламасында жасанды интеллектті сабақтарда пайдалану көрсетілімі, шебер сыныптар қарастырылған.

Іс-шараны жетекші педагогтер өткізеді.

Семинарға қатысу үшін білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады.

Іс-шара соңында қатысушылар семинарға қатысқаны үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификатын алады.

Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (әр аймақтан 3 адамнан артық емес) білім басқармасы бекіткен семинарға қатысу үшін өтінімді о. ж. 18 қазан айына дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар http://tiny.cc/Kostsem2024  сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

Қатысушының ата-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефон, e-mail
      

Қатысушылардың келу күні – 28 қазан, семинардың басталуы – 29 қазан, аяқталуы – 30 қазан сағат 18.00-ден кейін.

Іс-сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы 25 350 тенге,  жолы, тамақтануы) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Семинар қатысушыларына «Озат» ММЛИ жатын орындар тегін қарастырылған.

Барлық сұрақтар бойынша:

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы, 3 қабат, 301 кабинет. Байланыс тел.: 8 (7172) 795867