Қазіргі кезде білім саласындағы жаңа талаптар дербестікті, белсенділікті, шығармашылық іздеу дағдыларын және стандартты емес мәселелерді шешудің формалары мен әдістерін іздеуге байланысты міндеттерді алға тартып отыр. Бұл қасиеттерді қалыптастыруда пәндік олимпиадалар ерекше орын алады.
Оқушыларды әртүрлі олимпиадалар мен конкурстарға дайындау мұғалімнің педагогикалық қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, ал әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларда оқушылардың жоғары оқу жетістіктері мен нәтижелері таланттарды, зияткерлік пен дарындылықты дамыту бойынша жүйелі жұмыс сапасының көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 22-24 қазан күндері Астана қаласында қазақ тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері үшін (бастауыш, орта және жоғары сынып) «Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқу семинарын (бұдан әрі – Семинар) өткізеді.
Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, оқушылардың гуманитарлық цикл пәндеріненолимпиадаларға сапалы дайындығын қамтамасыз ету бойынша педагогикалық практиканы дамыту.
Семинарда оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, гуманитарлық цикл пәндері бойынша олардың дайындық деңгейін анықтау, олардың дербес, ізденушілік, зерттеушілік ойлауын жетілдіру, сондай-ақ қатысушылардың олимпиада тапсырмаларын құрастыру және орындау үшін қажетті білім алып, олимпиадаға дайындық жұмысын ұйымдастыру әдіснамасымен таныстыру, олимпиада тапсырмаларын талдау мәселелері қарастырылады.
Іс-шара Астана қаласы білім басқармасының №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің базасында өтеді (Астана қаласы, Нұра ауданы, Төле би көшесі, 26).
Семинарға келу күні – 21 қазан, өту күндері – 22-24 қазан, аяқталуы – 24 қазан (сағат 15.00 -ден кейін).
Семинарға қатысушылар үшін «Думан» қонақ үйінде орын брондалған. Мекен-жайы: Қорғалжын тас жолы 2А, тел. 8/7172/ 79-15-00, +7 708 909 8500.
24 қазан күні сағат 09.00-де қатысушылар «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасына қатыса алады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Білім басқармасының басшыларымен, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорларымен бекітілген сұранысты а.ж. 15 қазанына дейін көрсетілген үлгі бойынша g.berdenova@daryn.kz поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Әр қатысушы 15 қазанға дейін міндетті түрде http://tiny.cc/seminarolimp2024 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өтуі қажет.
Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен (ұйымдастыру жарнасы, жолы, тамақтануы, тұруы). Семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарна 25 350 теңге, «Олимп шыңы» пәндік олимпиадасына қатысуға тілек білдірушілер үшін жарна 4 500 теңгені құрайды.
Барлық сұрақтар бойынша байланыс тел.: 8 (7172) 79-58-67
№ | Облысы | Қатысушының аты-жөні | Жұмыс орны | Пәні, оқыту тілі | Жұмыс өтілі | Қатысушының e-mail | Қонақ үй қажеттілігі, байланыс телефоны |