106 оқушы сыни ойлау және философия пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады

9-11(12) сынып оқушылары арасында сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды.

Аталған зияткерлік сайыс мектеп оқушыларының интеллектуалдық әлеуетін дамытуға, философиялық білімге қызығушылығын арттыруға, сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

💡Олимпиада төрт кезеңде өткізілді. Бірінші (мектепішілік) кезең 24 қазанда офлайн форматта ұйымдастырылып, оған 17 802 оқушы қатысты. Екінші (аудандық) кезең 7 қарашада Smart Daryn платформасында өткізіліп, 7 703 оқушы бақ сынады. Үшінші (облыстық) кезең 2025 жылғы 25 желтоқсанда Smart Daryn платформасында ұйымдастырылып, оған 979 оқушы қатысты. Қорытындысында 106 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Нәтижелер қатысушылардың жеке кабинеттерінде жарияланды, ресми хабарламалар өңірлерге жолданды.

📚Төртінші (республикалық) кезең 2026 жылғы ақпан айында Астана қаласында өткізіледі, деп жоспарлануда.

2025 жылғы 12 ақпанында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған Сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың бірінші іріктеу кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстанда философиялық білім беруді дамыту, жоғары сынып оқушыларының философияға қызығушылығын арттыру, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру.

Олимпиада ағылшын тілінде 2 кезеңде өтеді.

1 (іріктеу) кезең-2025 жылғы 12 ақпанда онлайн режимінде республиканың барлық өңірлерінде бір уақытта өткізілді. Өту форматы: 50 сұрақтан құрастырылған тест. Берілетін уақыт: 90 минут.

Бірінші кезеңнің нәтижесі 2025 жылғы 19 ақпан күні «Дарын» РҒПО ресми сайтында жарияланады. Республикалық есепте ең көп ұпай жинаған үздік 100 қатысушы екінші кезеңге өтеді.

*Егер 100-ші орынға бірнеше қатысушы түссе, ұйымдастыру комитеті екінші кезеңге қатысушылар санын көбейту немесе азайту туралы шешім қабылдайды.

2 (республикалық) кезең-2025 жылғы 12 наурызда өтеді.

Өту форматы: ұсынылған цитаталардың біріне көлемі 500 сөзден аспайтын эссе жазу. Қатысушы цитатаны өзі таңдап, эссені арнайы бланкке қолмен жазады.

Екінші кезең қазылар алқасы тарапынан бағаланады және нәтижелер екі апта ішінде «Дарын» РҒПО ресми сайтында жарияланады.