Қазақстан құрамасы Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті

🇷🇴2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында Лингвистикадан халықаралық олимпиада (IOL) өтті.

🇰🇿Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді.

🥉Қола медаль иегері:

• Шыңғыс Карасаев – Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.

📃 Құрмет грамотасының иегерлері:

• Рамазан Бутантаев – Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы;

• Аслан Ажибаев – Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;

• Кирилл Тургумбаев – Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

✅Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.

🎓Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Оспанова Дана Еркінқызы жетекшілік етті.

📚Олимпиадалық лингвистика елімізде дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың аталған саладағы жоғары әлеуетін көрсетті.

👏Құрама мүшелерін және жетекшісін, сондай-ақ оқушылардың ұстаздары мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз! Жас зияткерлерімізге алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!