IJSO–2026: іріктеу кезеңінің қорытындысы белгілі болды

Жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасына (IJSO–2026) дайындық аясында өткізілген іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 6 оқушы оқу-жаттығу жиындарына қатысуға жолдама алды.

🏆 Іріктеуден өткен оқушылар:

  1. Иса Хафиз – Қызылорда қаласындағы Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» мектеп-интернаты;
  2. Марат Ерасыл – Алматы қаласындағы мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;
  3. Қайратқызы Аделия – Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
  4. Жандарбек Сағдар – Алматы қаласындағы мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;
  5. Сейітқазы Нұрсейіт – дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;
  6. Уткин Николай – Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі.

📌 Іріктеудің қорытынды хаттамасы daryn.kz ресми сайтында жарияланды.

Жас дарындарға алдағы оқу-жаттығу жиындарында сәттілік тілейміз! 🇰🇿✨

2025 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 10.00-де ағымдағы жылдың 23 қараша - 2 желтоқсан аралығында Сочи қаласында (Ресей) өтетін физика, химия және биология бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасына (IJSO) қатысу үшін оқу-жаттығу жиындарына іріктеу кезеңі өтті.

Ағымдағы жылғы республикалық олимпиаданың (бұдан әрі - РО) қорытынды кезеңінің нәтижесі бойынша «Физика», «Химия» және «Биология» пәндері бойынша I, II, III дәрежелі диплом иегерлері қатарынан, оқушылардың туған күндері бойынша кандидаттарды іріктеу жүргізілді.

Егер РО нәтижелері бойынша қажетті кандидаттар саны толық жиналмаса, ағымдағы жылғы жаратылыстану-математикалық бағыттағы РЖО-ның 8-сынып қатысушылары арасынан ең көп ұпай жинаған I–III дәрежелі диплом иегерлері қосымша іріктеледі.

Халықаралық олимпиадаларға қатысу ағылшын және орыс тілдерін білуді көздейтіндігіне байланысты іріктеу тапсырмалары тек орыс тілінде ұсынылды.