4-21 мамыр аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық онлайн олимпиадасының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық онлайн олимпиаданы төменде көрсетілген мерзімдерде өткізеді.
4 мамыр – математика;
5 мамыр – физика;
6 мамыр – информатика,
11 мамыр – география;
12 мамыр – биология,
13 мамыр – химия;
14 мамыр – қазақ тілі;
15 мамыр – орыс тілі;
18 мамыр – ағылшын тілі;
19 мамыр – Қазақстан тарихы;
20 мамыр – Дүниежүзі тарихы;
21 мамыр – Адам. Қоғам. Құқық.
Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың алған білімдерін бағалау және қолдану, оқу үрдісінде алған білімдерін тереңдету және бекіту, өзіндік ынтасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Олимпиадаға қатысу тегін.