IT-жобалар бойынша INFOMATRIX-ASIA 2021 халықаралық конкурс өткізу туралы ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Сүлеймен Демирел атындағы Университет бірлесіп IT - жобалар бойынша "INFOMATRIX-ASIA 2021" халықаралық конкурс өткізеді (бұдан әрі - Конкурс).

Конкурс 2021 жылғы 5-7 мамыр күндері онлайн форматта 3 секция бойынша өтеді:

  1. Компьютерлік бағдарламалау.
  2. Компьютерлік өнер.
  3. Математикалық жобалар.

Конкурстың мақсаты-техникалық ғылымдар саласындағы дарынды балаларды анықтау және қолдау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша әлеуетті қабілеттерін дамыту.

Конкурстың қатысушылары республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталған Қазақстандық 9-12 сынып оқушылары және кәсіптік-техникалық оқу орындарының ұлттық ғылыми конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

Қатысушыларды тіркеу және жобаларды жүйеге жүктеу 16 сәуірде аяқталады, сайысқа қатысу тегін.

Сайысты өткізу ережесі www.daryn.kz сайтында және сайысты өткізу туралы толық ақпарат infomatrix.asia сайтында орналастырылған.

Ұйымдастыру сұрақтары бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады:

8/7172 / -295-159, 295-267, техникалық сұрақтар бойынша: 8/7172/295-213, 295-266.