Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ағымдағы жылдың 20-27 қазан аралығында «Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивалін өткізді.

Фестивальдің мақсаты - ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар шығармашыл дарынды балаларды анықтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Фестивальдің міндеттері:

1) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қоғамның әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріне бейімдеу;

2) балалардың тең мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік беретін кедергісіз ортаны дамыту және танымал ету болып табылады;

3) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдауға бағытталған шығармашылық қабілеттерін іске асыруда әріптестікті орнату және кеңейту;

Фестивальге жалпы 101 оқушы, республиканың әр аймағынан 4 ұжымдық топ қатысты.

Фестиваль екі кезеңде өтті: бірінші кезең - іріктеу (аймақтық); екінші кезең - республикалық, оған бірінші аймақтық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Фестивальге «Вокалдық орындау жеке ән айту, вокалдық ұжым, ымдау тілінде ән айту» номинациясы бойынша 22 бала, «Би билеу, оның ішінде арбамен билеу» номинациясы бойынша 4 би ұжымы және 13 жеке орындаушылар, «Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер» және «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» номинациялары бойынша 37 оқушы, «Техникалық өнертабыстар» және «Компьютерлік әзірлемелер, робототехника» номинациялары бойынша 22 оқушы қатысты.

«Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивальдың қазылар алқасы шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» РҒПО I II III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Фестивальде орын алмаған қатысушылардың бәрі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталады.

«Шексіз өмір» республикалық фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Марапатталғандардың тізімі