Қазақстандық оқушылар Еуропалық география олимпиадасында тарихи нәтижеге қол жеткізді

🌍Қазақстандық оқушылар Еуропалық география олимпиадасында тарихи нәтижеге қол жеткізді

🇰🇿🇧🇬2026 жылғы 27 маусым мен 3 шілде аралығында Болгарияның Варна қаласында өткен Еуропалық география олимпиадасына (European Geography Olympiad, EGeo) 13 мемлекеттен 100 оқушы қатысты.

🔸Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның 9 оқушыдан құралған ұлттық құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, команданың барлық мүшесі жүлдегер атанды. Бұл – Қазақстанның Еуропалық география олимпиадасына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже.

🔹Олимпиада барысында қатысушылар физикалық, әлеуметтік-экономикалық және аймақтық география бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, картографиялық материалдар мен географиялық деректерді талдау дағдыларын көрсетті.

🥇Алтын медаль иегерлері:

⭐️Андрей Енбахтов – Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

⭐️Сырым Амантай – Қарағанды облысындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

🥈Күміс медаль иегерлері:

⭐️Дарын Бекбол – Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы;

⭐️Азамат Жумажанов – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

⭐️Айдос Серікбай – Алматы облысы, Есік қаласындағы А. Мәлкеев атындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

⭐️Шынғыс Мүрсәлім – Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

⭐️Нұрай Бакеева – Солтүстік Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

🥉Қола медаль иегерлері:

⭐️Амир Дарынов – Шығыс Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы;

⭐️Алан Козленко – Шығыс Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы.

👨‍💻Ұлттық құраманы жарысқа география пәнінің мұғалімі Нұрмағамбет Данат Мұратұлы (IQanat High School of Burabay) мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Шайхина Орал Бекболатқызы дайындап, жетекшілік етті.

💡Еске салайық, 2025 жылы Қазақстан құрамасы аталған олимпиадада 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.

🌐Қазақстан құрамасын тарихи жетістігімен құттықтап, алдағы IGeO 2026 халықаралық география олимпиадасында жаңа жеңістер тілейміз.