ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУЙМААДА» ОЛИМПИАДАСЫНДА 33 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық оқушылар математика, химия және информатика пәндері бойынша 30-шы халықаралық «Туймаада» олимпиадасының жеңімпаздары атанды.
Олимпиадаға Ресей, Румыния, Қазақстан, Сингапур, Индонезия елдерінен 215 оқушы қатысты. Біздің еліміздің атынан республиканың әр өңірінен 80 оқушы қатысып, 4 алтын, 14 күміс және 15 қола медальдар жиынтығын жеңіп алды.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
Айта кетсек, «Туймаада» олимпиадасы 1994 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан жарысқа 2004 жылдан бері қатысады. Олимпиада екі күнге созылып, екі турдан тұрады. Әр турда қатысушыларға 5 астрономиялық сағат ішінде үш-төрт есеп шығару ұсынылады.