Қазақстан құрама командасының онлайн режимінде 2020 жылғы 25 шілдеде өтетін 52-ші химия пәні бойынша халықаралық олимпиадасына қатысуы туралы ақпарат

Химия пәні бойынша халықаралық олимпиада (IChO) – бұл жыл сайын мектеп оқушыларына арналған химия пәні бойынша сайыс. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру. Әр елден төрт қатысушыдан, ұлттық химия олимпиадасының жеңімпаздары мен екі жаттықтырушыдан тұратын ұлттық команда қатысады. Ресми түрде, IChO – бұл жеке чемпионат.

Олимпиада алғаш рет Чехословакияның Прага қаласында 1968 жылы өткізілді. Олимпиада екі турдан тұрады: эксперименттік және теориялық. Екі тур 5 сағатқа дейін созылады және әр күндері өткізіледі.

Қазақстан Республикасы алғаш рет 1999 жылы Бангкок  (Тайланд) қаласында өткен олимпиадаға қатысып, 52 елден 192 оқушы қатысып, ұлттық командалар 2 қола медаль жеңіп алды.

2000 жылы Копенгаген қаласында (Дания) Қазақстан құрама командасы алғаш рет күміс медаль жеңіп алды, үш оқушы грамоталармен марапатталды.

Қазақстанның ұлттық командасы алғаш рет Анкара қаласында (Түркия) өткен химия пәні бойынша олимпиадада бір алтын медаль, сондай-ақ 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, оған әлемнің 73 елінен 250-ден астам оқушы қатысты.

2013 жылы Мәскеу қаласында (Ресей) өткен Олимпиадада ҚР құрама командасы тағы да 2 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.

2017 жылы Накханпатхом (Тайланд) қаласында өткен 49 – шы химия пәні бойынша халықаралық олимпиадада құрама тағы да тамаша нәтиже көрсетіп, 1 алтын және 3 күміс медальға ие болды.

Химия пәні бойынша халықаралық олимпиадасына қатысқан жылдары, атап айтқанда 1999 – 2019 жылдары ҚР Ұлттық командасы 72 наградаға ие болды, оның ішінде 6 алтын медаль, 27 күміс медаль, 37 қола медаль және 2 құрмет грамотасы.

2020 жылы 52-ші химия пәні бойынша халықаралық олимпиада алғаш рет Стамбул (Түркия) қаласында 23-29 шілде аралығында өткізілуі тиіс болатын.

Алайда, CОVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында олимпиада ағымдағы жылдың 25 шілдесінде қашықтықтан өткізілетін болады. Олимпиада 1 теориялық кезеңнен тұрады. Оқушыларға халықаралық олимпиадаға қатысуға, үйден шықпай-ақ әлемнің үздік құрамалары арасында өз күштерін тексеруге мүмкіндік беріледі. Әдетте, Қазақстан ұлттық құрамасы құрама команданың 4 мүшесінен және 2 жаттықтырушыдан тұрады.

Қазақстан құрама командасының құрамында:

Қайырбек Хайдар Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»  ДББҰ-ның оқушысы;

Мужубаев Әбілмансұр Нұр-Сұлтан қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы;

Сейсенқұл Бақдәулет Нұр-сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы;

Абдугафарова Кибриянур Алматы қ. «Galaxy» халықаралық мектебінің оқушысы.

Құрама команда тренерлері:

Төлеп Ернұр Бақтиярұлы – Алматы қ. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің магистранты;

Аманжолов Азим Жетесович – Нұр-Сұлтан қ. Назарбаев Университетінің магистранты.