Қазақстан құрама командасының Еуропалық физика олимпиадасына қатысу қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан құрама командасы алғаш рет ағымдағы жылғы 20-26 шілдеде қашықтықтан өткізілген Еуропалық физика олимпиадасына – 2020 қатысты.

Еуропалық физика олимпиадасы – бұл ғылымға, танымға және тапсырмаларды шешуге қызығушылық танытқан дарынды оқушыларға арналған халықаралық физикалық олимпиада. Алғаш рет Еуропалық физика олимпиадасы 2017 жылы Эстонияда, 2018 жылы Мәскеу қаласында (Ресей), үшінші, 2019 жылы Ригада (Латвия) өтті.

Олимпиадаға  57 елден 250 оқушы қатысты.

Қазақстанның ұлттық құрама командасынан 5 оқушы, 2019 жылғы физика пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ физика пәнінен олимпиада резервінің мүшелері болып табылады.

Олимпиада екі турдан тұрды: тәжірибелік және теориялық емтихан. Теориялық турда (5 сағат) үш тапсырма берілді, олардың біреуі өте қиын, біреуі орташа, ал екіншісі салыстырмалы түрде жеңілірек болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы  1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль және 1 грамота жеңіп алды:

Мағауин Расул Семей қ. Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім инновация» лицейінің оқушысы – алтын медаль;

Драганчук Антон Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы – күміс медаль;

Қалдыбаев Рауан Нұр-Сұлтан қ.  Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы – күміс медаль;

Қоблан Мирас Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы – қола медаль;

Алексей Янченко – Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы – грамота.

Құрама команданың тренерлері:

Максутов Самат Муратбекулы  – PhD, Сүлейман Демирел университетінің профессор ассистенті, кафедра меңгерушісі;

Сидоренко Андрей Владимирович – магистрант, Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебінің физика пәні мұғалімі.

Құрама команда мүшелерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!