Қазақстан құрама командасының оқушылардың химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасына қатысуы туралы ақпарат 2020 жылғы 13-18 шілде

2020 жылы COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында оқушылардың химиядан Менделеев олимпиадасы 13-18 шілде аралығында қашықтықтан екі теориялық турда өткізіледі. Олимпиадаға 27 елден оқушылар қатысуда. Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Әзірбайжан, Македония, Армения, Израиль, Беларусь, Венгрия, Болгария, Сирия, Грузия, Латвия, Иран, Қазақстан, Эстония, Қырғызстан, Сербия, Словакия, Тәжікстан, Түркіменстан, Литва, Түркия және басқа елдер мектеп оқушыларының ұлттық құрамалары онлайн режимінде өткізілетін олимпиадаға қатысады.

Онлайн іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша (а.ж. 9-10 шілде) Қазақстан құрамасы анықталды, ол біздің елімізді әлемдік аренада таныстырады.

Ұлттық команда құрамында:

Қайырбек Хайдар Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»  ДББҰ-ның оқушысы;

Мужубаев Әбілмансұр Нұр-Сұлтан қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы;

Сейсенқұл Бақдәулет Нұр-сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы;

Абдугафарова Кибриянур Алматы қ. «Galaxy» халықаралық мектебінің оқушысы;

Турусбекова Айгерим Алматы қ. дарынды қыздар «Білім-инновация» мектеп-лицейінің оқушысы;

Жаксылыков Азамат Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы;

Бегдаир Санжар Алматы қ. №161 лицейінің оқушысы;          

Таубаев Темірлан Нұр-Сұлтан қ. «NURORDA» мектеп – лицейінің оқушысы.           

Сондай-ақ тренерлер:

Төлеп Ернұр Бақтиярұлы – Алматы қ. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің магистранты;

Аманжолов Азим Жетесович – Нұр-Сұлтан қ. Назарбаев Университетінің магистранты.

Олимпиадада табысты өнер көрсету үшін оқушыларға тек химиялық эрудиция ғана емес, қарапайым мектептер деңгейінен асатын материалды меңгеру қажет, сонымен қатар, химиялық интуиция, логикалық қорытынды жасай білу, бар білімді химия ғылымының жаңа, кейде бейтаныс салаларына қолдана білу қажет.

Айта кету керек, 54-ші оқушылардың химиядані халықаралық Менделеев олимпиадасының ұйымдастыру комитеті академик В.В.Лунин атындағы сыйлық тағайындалғаны туралы жариялады. Сыйлықтың ақшалай баламасы 5000 АҚШ долларын құрайды. Бұл жүлде конкурсанттардың «абсолютті жеңімпазға» беріледі. Барлық қатысушылар үшін оңай емес, себебі олимпиадаға ұлттық олимпиадалардың жеңімпаздары, үздіктен үздіктер қатысуда.

Қазақстан ұлттық командасының мүшелеріне сәттілік тілейміз және жеңіске жететіндеріне сенеміз!