2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» XІІІ республикалық математикалық турнирінің қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, COVID – 19 пандемиясына байланысты 16-20 маусым күндері аралығында алғаш рет онлайн режимде 2-4 сынып оқушылары арасында “Бастау” ХІІІ республикалық математикалық турнирін өткізді.

Математикалық турнир бұл – математикалық білімді мектепте одан әрі жетілдіру және кіші буын мектеп оқушыларының осы пәнге деген қызығушылығын арттырудағы жүйелі жұмыстарының бірі болып табылады.

Турнирдің басты мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.

Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 2-4-сынып оқушылары арасында 141 қатысушы бәсекеге түсіп, 47 команда бақтарын сынады.

Турнирдің республикалық кезеңі ZOOM платформасының көмегімен және мына сайтта http://physmathacademy.eduterra.pro онлайн режимде үш тур бойынша өткізілді:

«Әу, баста» (командалық есеп);

«Асық» (командалық есеп);

«Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).

Турнирдің тапсырмалары математикалық логикаға негізделеді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.

Тапсырмаларды қорғаған кезде қатысушылар әділ қазылар алқасына шағымданып, өздерінің көзқарастарын дәлелдеді, бұл қазылар алқасының оқушының ынтасына деген достық қарым-қатынасында болды.

Турнир командалық сынақпен және жеке сынақпен ерекшеленеді. Команда қатысушылары өздерінің ептіліктерін, ұжымшылдықтарын және командада жұмыс істей білетіндерін көрсетті. Қазірдің өзінде ерте мектеп жасындағы қатысушылар нұсқаларды бір-бірімен  ұжым болып шешуге, келісуге үйренуде. Жеке сынақта қатысушылар тапсырмаларын жай ғана орындамай, оны ауызша дәлелдеді. Әр турдан кейін Тунир өткен платформада турдың нәтижелері рейтингтерімен бірге жарияланып отырды.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі “Дарын” РҒПО дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды. Ең жоғары ұпай санын жинаған жеңімпаз-команда турнир Кубогымен және Бас-жүлдемен марапатталды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің сертификаттары мен дипломдары команда жетекшісінің электрондық поштасына жіберіледі.

Жеке сынақ бойынша 63 оқушы марапатталды. Оның ішінде 11 оқушы – І дәрежелі дипломға, 23 оқушы – ІІ дәрежелі дипломға, 29 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Командалық сынақ бойынша жүлделі орындарға ие болған 22 команда анықталды, оның ішінде жеке білім беру ұйымдарының Республикалық Қауымдастығының “Достар” Халықаралық мектеп-лицейі Бас-жүлдемен және турнирдің Кубогымен марапатталды.

І орынға – Қостанай қаласының № 24 мектеп-гимназиясы, Қызылорда облысының құрама командасы (Шиелі ауданы № 49 орта мектебі, Қазалы ауданы № 249 мектеп-лицейі, Сырдария ауданы №37 орта мектебі, Арал ауданы №31 мектеп-лицейі, Қазалы ауданы №16 мектеп), Қостанай қаласының “Физика-математикалық лицейі” ММ, Алматы облысының құрама командасы (Панфилов ауданы Головацкий атындағы орта мектеп, Талдықорған қаласы №28 IT-мектеп-лицей, Іле ауданы №38 мектеп-гимназия) ие болды.

ІІ орынды – Алматы қ. №140 гимназиясы, Петропавл қ. «Бірінші қалалық жалпы білім беретін ІТ-лицейі», Талдықорған қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі, Орал қ. дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектебі, Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған мектеп-лицейі, Алматы қ. «№90 мамандандырылған мектеп-лицейі», Петропавл қ. «Бірінші гимназиясы» иеленді.

ІІІ орынды – Бауыржан Момышұлы атындағы мамандандырылған № 45 қазақ классикалық гимназиясы, Нұр-Сұлтан қаласындағы “Экономикалық лицей” ҰУО, Алматы облысының құрама командасы (Қарасай ауданындағы дарынды балаларға арналған Үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы мамандандырылған гимназия, Жамбыл ауданындағы дарынды балаларға арналған №2 Қарғалы арнайы гимназиясы), Орал қаласындағы С. Сейфуллин атындағы  дарынды балаларға арналған №11 облыстық қазақ мамандандырылған мектеп-интернат кешені, Өскемен қаласының облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейі, Алматы қ. №159 гимназиясы, Өскемен қ. № 26 лингвистикалық мектеп-гимназиясы, Семей қ. Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназиясы, Шымкент қаласының құрама командасы (Үш тілде оқытатын М. Х. Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназия, О. Жолдасбеков ат. № 9 мектеп-лицейі, Н. Оңдасынов ат. № 38 мектеп-гимназиясы), Ақтау қаласының №1 орта мектебі иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі, сонымен қатар Турнирдің хаттамасы қоса беріледі.