«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021-2022 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.

Құжаттарды онлайн – тіркеу және қабылдау 2021 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында www.qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.
Сонымен бірге тіркеуден өзіңіз таңдаған мамандандырылған білім беру ұйымында 2021 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында өтуге болады.
Конкурстық іріктеу (офф-лайн тестілеу) 15-30 сәуір аралығында әр өңірде белгіленген мамандандырылған мектептерде өткізіледі.

Толық ақпарат www.qabyldau.daryn.kz сайтында.