«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 26-28 күндері аралығында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХVI республикалық конкурсын алғаш рет қашықтықтан онлайн режимде өткізді.
Конкурстың негізгі мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Конкурс қашықтықтан ZOOM платформасының көмегімен 9 секция бойынша онлайн режимде ұйымдастырылды:
Конкурс 3 кезең бойынша өткізілді: аудандық, облыстық – іріктеу, республикалық-қорытынды.
Республика бойынша жалпы аудандық кезеңге 11928 жобамен 15917 оқушы (оның ішінде 6772 оқушы ауылдық жердің оқушылары) қатысып 8995 оқушы жеңімпаз атанса, облыстық-іріктеу кезеңге 4728 жобамен 5168 оқушы (оның ішінде 2002 оқушы ауылдық жердің оқушылары) қатысып 2409 оқушы жеңімпаз атанды.
Республикалық-қорытынды кезеңнің ең үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан, республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» ҰҒПББСО мектептерінен 340 жобамен 398 оқушы (оның ішінде 125 оқушы ауылдық жердің оқушылары) бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.
Республикалық конкурстың ашылу және жабылу салтанаты бағдарламаға сәйкес онлайн режимде ZOOM платформасының көмегімен өтті https://youtu.be/tUjEw86esxU
Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 210 оқушы 169 жоба қорғап «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 38 жұмыспен 52 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 54 жұмыспен 69 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 78 жұмыспен 89 оқушы ие болды. Ерекше жетістіктері үшін грамоталармен 62 қатысушы марапатталды. Қорытында кезеңнің барлық қатысушыларына электронды сертификаттар берілді.
Басты бет » Оқушыларға арналған жаңалықтар » 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХVІ республикалық конкурсының қорытындысы туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ