ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 2021  жылғы 8-12 ақпан аралығында өткізілетіні жөнінде хабарлаймыз.

Аудандық  кезеңге республика бойынша 101 мыңнан аса бала қатысқалы отыр.

Әр өңір бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып,  олимпиада онлайн немесе офлайн тәртібінде өткізілетін болады.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық циклі және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізіледі.

Қосымша ақпарат бойынша өңірлік «Дарын» орталықтарына хабарласыңыздар. Орталықтардың байланыс телефондарын www.daryn.kz сайтындағы біз туралы/аймақтық орталықтар мәзірінде көруге болады.