ҚР Ұлттық құрама командасы ағымдағы жылдың 29 маусымы мен 5 шілдесі аралығында қашықтық форматта өткен жасөспірімдер арасындағы математикадан Халықаралық Балқан олимпиадасына (JBMO-2021) қатысты. Ұйымдастырушы ел – Молдова Республикасы.
Олимпиадаға әлемнің 22 елінен 132 қатысушы қатысты, оның ішінде Балқан түбегінің 11 елі (Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Греция, Молдова Республикасы, Монтенегро, Македония, Румыния, Сербия, Түркия және т.б.) және 11 қонақ-командалар (Әзірбайжан, Хорватия, Франция, Филиппин, Индонезия, Қазақстан, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Нигерия, Нигерия, Тәжікстан, Түрікменстан). Бұл олимпиаданың ерекшелігі Олимпиадаға жасы 15,5 аспайтын оқушылар қатысады.
2021 жылдың 4 шілдесінде онлайн режимде өткен жасөспірімдер арасындағы 25-ші Балқан математикалық олимпиадасы аяқталды. Биыл Қазақстан намысын ең мықты 8 және 9-сынып оқушылары, республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары қорғады. Құрама команда командалық есепте 3-ші орынды иеленіп, тек Румыния мен Сауд Арабиясының командасын жіберіп алып, өте керемет өнер көрсетті. Бірақ бұған қарамастан, Қазақстаннан қатысқан оқушы Байшуақ Райымбек 40 ұпайдан 40 ұпай жинағанын атап өткен жөн.
2019 жылы Қазақстан құрама командасы 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, 2020 жылы елдегі эпидахуалға орай олимпиада өткізілмеді, ал 2021 жылы Қазақстан құрама командасы 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Жеке есепте оқушылар келесі нәтижелерді көрсетті:
Байшуақ Райымбек, Алматы қаласы республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы – 40 ұпай, алтын медаль;
Юркевич Мирон, Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің 8 сынып оқушысы – 33 ұпай, алтын медаль;
Нағашбек Мұхаммед, Нұр-Сұлтан қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы – 28 ұпай, күміс медаль;
Байжанов Сұлтанбек, Нұр-Сұлтан қаласы дарынды балаларға арналған «Білім –инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы – 14 ұпай, қола медаль;
Нұрланов Дамир, Павлодар қаласы. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы – 10 ұпай, қола медаль;
Қараман Мирас, Нұр-Сұлтан қаласы дарынды балаларға арналған «Білім –инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы- 8 ұпай жинады.
Қазақстан құрама командасының тренерлері:
Исахов Асылбек Абдиашимович – Алматы қаласы ҚБТУ деканы, PhD доктор;
Кунгожин Нурбек – Алматы қаласы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ математика пәнінің оқытушысы.
«Оқушыларымыздың халықаралық олимпиадаларда көрсеткен нәтижелері – олардың білім сапасының, мектептерде сабақ беру, жаттықтырушылардың деңгейі және ата-аналардың осындай маңызды зияткерлік жарыстарда балаларына көрсетіп отырған қолдауының бірден бір дәлелі. Біз өз тарапымыздан қазақстандық оқушылар өздерін күллі әлемге таныта отырып, халықаралық байқауларда бұдан да үздік нәтижелер көрсетуі үшін жағдай жасауды жалғастырамыз. Мектеп оқушыларын жеңістерімен құттықтаймын және биік белестерді бағындыруларына тілектеспін», – деді ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО директоры Тимур Нұркешов.