Қазақстан құрама командасының қашықтықтан қатысқан 33-ші информатикадан халықаралық олимпиадаға (IOI-2021) туралы қорытынды БАСПАСӨЗ РЕЛИЗЫ

Қазақстан құрама командасы 2021 жылғы 19-28 маусым аралығында 33 – ші информатикадан халықаралық олимпиадаға IOI (бұдан әрі – Олимпиада) қатысты. Екінші жыл қатарынан Олимпиада онлайн тәртібінде өтті. Ұйымдастырушы ел – Сингапур. Олимпиадаға әлемнің 80-ге жуық елінен 351 оқушы қатысты.

Олимпиада 2 турдан тұрды, 1 тур – 22 маусымда, екінші тур – 25 маусымда өткізілді.

Биылғы жылы Қазақстан құрама командасы 4 конкурсантпен ұсынылды.

Құрама команданың Олимпиадаға қатысу қорытындысы:

Мақсотов Жамбыл Орал қаласы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей – интернатының 10 сынып оқушысы – қола медаль;

Мансур Мукимбеков Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы – қола медаль;

Альтаир Ашуров Нұр-сұлтан қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы– қола медаль;

Сахмолдин Мухаммадариф Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы – қола медаль.

Сондай-ақ олардың жаттықтырушылары:

Сатылханов Темірлан Қайратұлы – ХАТУ магистранты;

Нұрмаш Айдос Мырзагабылұлы – IT университетінің ACM жаттықтырушысы.

Қазақстан құрама командасының мүшелері мен жаттықтырушыларын құттықтаймыз!