Қазақстан құрама командасының 62-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға (IМO-2021) қатысатындығы туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан құрама құрама командасы 2021 жылғы 14-24 шілде аралығында қашықтық форматта өтетін халықаралық математикалық олимпиадасына ІМО қатысады. Ұйымдастырушы ел – Санкт-Петербург қ. (Ресей).

Олимпиада 1959 жылдан бері өткізіліп келеді, Қазақстан құрама командасы бұл білім додасына 1992 жылдан бері қатысып келеді. Бұл жыл сайын бір елде өткізілетін жоғары сынып оқушылары арасындағы математика бойынша әлем чемпионаты. Соңғы жылдары Олимпиадаға бес құрлықтың 100-ден астам елі қатысады. Әр елді алты оқушыдан аспайтын команда ұсынады. Олимпиада үш тапсырмадан құралған екі турдан тұрады. Тапсырмалар мектеп математикасының әртүрлі салаларын қамтиды, негізінен геометрия, сандар теориясы, алгебра және комбинаторика. Қорытынды жеке есепте шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен марапатталады. Қатысушылардың ұпайларының қорытындысы бойынша бейресми командалық рейтинг қалыптасады. 2020 жылы Қазақстан құрамасы 3 күміс, 2 қола медальдарына және 1 құрмет грамотасына ие болды.

Қазақстан ұлттық командасының құрамы:

Дуйсенбеков Данат – Нұр-Сұлтан қ. «Spectrum» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;

Сатубалдин Таир – Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;

Сам Фетуллах – Нұр-Сұлтан қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 11 сынып оқушысы;

Олжабаев Асылбек – Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;

Мырзатай Айбек – Атырау қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 11 сынып оқушысы;

Баймурзин Рахим – Қарағанды қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы.

Жаттықтырушылар:

Сатылханов Қанат  Қайратұлы – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері;

Шынтас Нуртас – Экономика Жоғары мектебінің студенті, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері;

Абдрахманов Ален Альжанович – ҚБТУ студенті, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.Байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғ., 34а
телефон: 8 (7172) 29-52-66
e-mail: media@daryn.kz