2021 жылғы республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне AlmaU-дан БІЛІМ ГРАНТТАРЫ

Достар, керемет жаңалық!

«Дарын» РҒПО биылғы жылы мектеп бітіруші дарынды және талантты түлектерімізге Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) білім гранттары мен үлкен жеңілдіктер ұсынатындығын хабарлайды.
Ағымдағы 2020-2021 оқу жылында республикалық және халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз және жүлдегер атанған дарынды түлектерге AlmaU оқу мерзімін толық қамтитын 50% және 100% мөлшердегі гранттар мен жеңілдіктер тағайындады.
Бұл гранттар оқушылардың олимпиадаларда алған орындарына сәйкес келесі тәртіп бойынша бөлінетін болады: 1 орын иелеріне – 100%, 2 және 3 орын иелеріне – 50%.

2021 жылғы республикалық олимпиадалар:
• Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада.
2021 жылғы халықаралық олимпиадалар:
• Математикадан халықаралық олимпиада (IMO);
• Физикадан халықаралық олимпиада (IPhO);
• Химиядан халықаралық олимпиада (IChO);
• Биологиядан халықаралық олимпиада (IBO);
• Географиядан халықаралық олимпиада (IGeO);
• Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI);
• Лингвистикадан халықаралық олимпиада (IOL);
• Экономикадан халықаралық олимпиада (IEO);
• Физикадан Азия олимпиадасы (APHO);
• Географиядан Еуропалық олимпиада (EGeo);
• Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы;
• Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы;
• Мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасы;
• Оқушылардың химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы;
• Математика, информатика, физика және химия пәндері бойынша «Туймаада» халықаралық олимпиадасы (Саха Республикасы, Якутия).
Гранттар мен жеңілдіктер оқу барысында академиялық көрсеткіштерге қойылатын талаптар (GPA кемінде 3,25, ал пәндер бойынша кемінде 70 балл) орындалған жағдайда өз күшінде сақталатын болады.
Талапкерлер профилді пәндердің ҰБТ-ға сәйкестігін ескере отырып өздері қалаған мамандықты таңдай алады.

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі байланыстар арқылы AlmaU-ға хабарласыңыз:

Мекенжай: Алматы қ., Розыбакиев көш., 227
Тел.: +7 727 313-30-90, +7 727 313-30-93
Email-1: a.ainaqulova@almau.edu.kz
Email-2: m.amirova@almau.edu.kz

Үйлестіруші:
Аида Айнакулова